Get Mystery Box with random crypto!

Мұсылмандардың өзге үмметтен негізгі ерекшелігі жақсылыққа шақ | Olzhas Hanafin

Мұсылмандардың өзге үмметтен негізгі ерекшелігі жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюлары. Дінсіздер осы ерекшелікті мұсылмандардың түсінігінен жою арқылы арсыздықты жайғысы келеді. Қайсыбір қауым жақсылыққа шақыру мен жамандықтан тыюды тәрк етсе ол қауымға өлім келместен бұрын Алланың жазасы келуі мүмкін. Салиқалы құлдар мен жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын шынайы тақуа құлдар көп болсын. Алла елімізді түрлі апат пен жамандықтан сақтасын. Әмин.

كُنتُمْ خَيْرَ أُمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ تَأْمُرُونَ بِٱلْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ ٱلْمُنكَرِ وَتُؤْمِنُونَ بِٱللَّهِ ۗ

(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер (Раббыларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер. Үнемі жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыясыңдар, Аллаға кәміл сенесіңдер.

(«Әли Имран» сүресі 3:110)