Get Mystery Box with random crypto!

Қәзіргі таңда біз мұсылмандар теріс іске қалыпты нәрсе секілді | Olzhas Hanafin

Қәзіргі таңда біз мұсылмандар теріс іске қалыпты нәрсе секілді қарайтын болғанбыз. Психологиядағы “Баға бермейміз”, “әркім өзі біледі”, “әр адамның таңдауын құрметтеуіміз керек” деген ереже қойып алғанбыз. Сонда күнә істі, Алла ұнатпайтын іске құрметпен қарап, көзімізді жұмамыз ба?

Сүйікті бауырым,
мына хадисті қараңызшы: Алла елшісі (саллаллаху алейхи уа саллам)теріс іс көрсеңдер қолмен түзетіңдер, болмаса тілмен болмаса жүрекпен жек көріңдер. Бұл иманның ең әлсізі деді. Жарайды қолмен түзету жайлы туралы айтпай-ақ қояйық. Имам Абу Ханифаның р.һ пікірі бойынша: қолмен түзету деген қолында билігі бар басшыларға қатысты дейді. Шама келсе тілмен айту міндет болады. Шама келмесе ең болмағанда сол істі құптамай, жүрекпен жақтыртпау керек емес пе?

Ал қәзіргі кезде жақыныңа дұрыс еместігін айтайын десең: сен Құдай емессің, құлдың ролінде бол дейді. Немесе бұл сені неге уайымдатып тұр, демек проблема сенің ішінде дейді нақақтан-нақақ сондай іші жаман біреу болып шыға келесің осыдан кейін.

Және “діндер зорлық жоқ” деген аятты өздігінен түсініп, насихат айтылса осы аятты айта жөнеледі. Ал тәпсірші ғалымдар бұл аяттың түсіндірмесінде: “дінде зорлық жоқ” дегенді күшпен мәжбүрлемеуді айтып тұр. Ал насихат айтқан кісінің ісі зорлық болып есептелмейді ғой. Құран аятын түсінерде ойға емес, тәпсір кітаптарына жүгінген жөн. Және насихат әрине даналықпен, жұмсақтықпен айтылады.

Кеше ғана күйеуім Шейх Муджир Хотыбтың р.һ дінсіздердің ісі жайлы айтқанын айтып еді. Ол кісі: “қәзіргі таңда дінсіздер исламды махаббат діні, амандық діні деп айтып алады да: намазыңды 24 сағат оқи бер, бірақ бізге тиіспе, насихат айтпа, әркімнің өз таңдауы” дейді. (Яғни ислам махаббат діні, барлығына жақсы қарап,жақсы көру керек дейді-мыс) Содан шейх сөзін жалғайды: “сонда теңізге батып бара жатқан адамға қол қусырып қарап тұрамыз ба? Міне теріс іске үнсіз қарап тұру осымен тең. Ешқандай мемлекет өзіне қол жұмсап жатқан адамға қарап тұрмайды. Көмекке ұмтылады. Бірақ болашақта бұндай халмен өзіне қол жұмсаған адамға да “өз таңдауы” деп қарап тұра беретін жағдайға да жетуі мүмкін”дейді.

Жазар алдын көп-көп ойландым. Жоғарыда келтірген хадисті дұрыс түсіну үшін Мулла Әли Қоридың имам Науауйдың 40 хадисіне жазған түсіндірме кітабын жолдасым оқып берді. Алла ол кісілерге разы болсын. Ішінде тағы былай жазылыпты: Сахабалардан жеткен риуаятта(р.а): егер біреу теріс істі көріп оны жөндеуге шамасы жетпесе 3 рет: Аллаһумма һә зә мункар деп айтсын дейді. Мағынасы: Аллаһым бұл теріс іс.

Және хадистің түсіндірмесінде: кім дұрыс емес нәрсені көрсе оны жанындағыларға айтсын, басқаларды сол істен сақтау мақсатта деп келтіреді(Әрине ғайбаттау емес). Осы мақсатта жазып отырмын. Мұсылман бауырларымды дұрыс емес істен, ойдан сақтандырғым келді. Және кітапта: теріс істен тыюшы адам кәміл болуы шарт емес дейді. Мен кәміл емеспін. Шейха емеспін. Керемет болсам Мулла Әли Қоридың кітабын арабшасынан өзім оқып отпаймын ба Қарапайым мұсылманға міндет болған істі ғана жасадым.
Алла баршамызды тура жолында бекем етсін