Get Mystery Box with random crypto!

Сағыныштан сарқылғанда төзімім, Өзің жайлы жыр жазбаудың өзі м | Махаббат өлкесі...

Сағыныштан сарқылғанда төзімім,
Өзің жайлы жыр жазбаудың өзі мін.
Мен адал боп өтер едім Баяндай,
Сен ерлігін жасай алсаң Қозының.

Жүрегіме сезіледі керегің,
Сен де, мен де білеміз ғой себебін.
Еңлігің боп еркелеп - ақ жүрер ем,
Сен бола алсаң сенім артар Кебегім.

Күндерімнің болғанымен бәрі мұң,
Өшірмедім сезімімнің жалынын.
Қалқаманым бола алсаң, сен үшін,
Жан беретін болар едім Мамырың.

Ғашықтардың бізге мәлім дерегі,
Дәл солардай ғұмыр кешкім келеді.
Сүйгені үшін күреспеген адамнан,
Биік маған Бекежанның беделі.

Авторы: Дания Сәтбекқызы