Get Mystery Box with random crypto!

Нұрсұлтан НҰРТІЛЕУ: Кеңейгенде ой-қиялдың алабы, Көкейіңе түрл | Махаббат өлкесі...

Нұрсұлтан НҰРТІЛЕУ:
Кеңейгенде ой-қиялдың алабы,
Көкейіңе түрлі сауал салады.
Сұрақ келді күндегіден ерекше,
"Махаббаттың түсі қандай болады?"

Ғашық болу - тәтті әуенді ыңылдау,
Сүйгеніңнің міні бар деп ұғынбау.
Көрген кезде қызартатын ұялтып,
Махаббаттың түсі болар қызылдау.

Төбеңе әкеп жылататын сұр бұлтты,
Шатты күйді қайғы-шер кеп жылжытты.
Сұп-суық боп сұрландырар барлығын,
Махаббаттың түсі бәлкім, сұрғылтты.

Ару отыр мұңнан алқа тағына,
"Аңсадым"-деп хат жазады жарына,
Сағыныштан сарғайтатын сарылтып
Махаббаттың түсі мүмкін, сары ма?

Жырлап талай сезім жайлы аңызды,
Көп ақындар сөздің майын тамызды.
Махаббаттың түсі емес, негізі
Махаббаттың шынайысы маңызды...

Авторы: Нұрсұлтан Нұртілеу