Get Mystery Box with random crypto!

МЕН БАРДА... Ерітіп тағдыр тоң бетін Танытпай кейпін енжардың | Махаббат өлкесі...

МЕН БАРДА...

Ерітіп тағдыр тоң бетін
Танытпай кейпін енжардың.
Қамығар сенің жоқ ретің
Бақытты етер мен бармын.

Ұшардай көкке құс төсің
Ынтығым ноқта ағытты.
Көңілің мүлде түспесін
Мен бармын етер бақытты.

Көңіліңдегі құлыпты ал
Теңіңмен қыдыр, кем қалма.
Бойыңды жазып күліп қал
Сасасың несін мен барда.

Жүресің еркін тыныстап
Рухына жырым ас - қатық.
Кеудеңді шалқақ, тік ұстап
Мен барда мүлде саспа түк.

Өлеңнің айбат, сұсы бар
Жат оған сұқтан, көзігу.
Көңліңнен бұлтты ысырар
Барымды менің сезіну...

Авторы: Елубай Әуезов