Get Mystery Box with random crypto!

Көрдім де сені нұрландым, аласұрмадым, Бар ғалам сенің бейнеңе | Махаббат өлкесі...

Көрдім де сені нұрландым, аласұрмадым,
Бар ғалам сенің бейнеңе жарасып жаным.
Қараған сайын өмірге құштар етеді,
Тұп-тұнық
Қарашықтарың...

Өзің деп бастап өрлетсем жаңа күнімді,
Ұмытып бір сәт жасырдым, нала – мұңымды.
Өмірден бұрын өзіне баураған мені
Сағындым қарашығыңды...

Өзіңсіз кезді ойланып баласам мұңға,
Тек сенсің менің жарығым, жанашырым да.
Мен саған мәңгі ғашықпын
Себебі сенің,
Өмір бар қарашығыңда...

Авторы: Назерке Серікқызы