Get Mystery Box with random crypto!

ОЙЛАРСЫҢ СЕН МЕНІ?! Естелікті сан тарау тізбелеткен, Келер к | Махаббат өлкесі...

ОЙЛАРСЫҢ СЕН МЕНІ?!

Естелікті сан тарау тізбелеткен,
Келер көктем жүз бояу, жүз желекпен.
Жалғыз келе жатқанда көшелермен,
Бір кездері қыдырып біздер өткен.
Ойларсың сен мені..

Сағындырар бал күндер кешегі өткен.
Бақытыңды тасытып, еселеткен.
Өтсе алдыңнан сүйгендер құшақтасып.
Жаз көңілің жабығар не себептен..
Ойларсың сен мені..

Таныс әуен тамылжып естілгенде.
Селк еттің де, жұмбақ күй кештің неге?!
Күте-күте құлазып, үміт өшіп,
Мендегі әппақ сезім ескіргенде.
Ойларсың сен мені...

Авторы: Ерке Жазенқызы