Get Mystery Box with random crypto!

ТҮНГІ ДЕСЕРТ Төсегімізге бәрін де тастап жетейік Сипалаңдап к | Махаббат өлкесі...

ТҮНГІ ДЕСЕРТ

Төсегімізге бәрін де тастап жетейік
Сипалаңдап көп жүрмей бастап кетейік.

Ісімде мықты, сөзімде қысқа болайын
Екеуінен де айрылмай ұстап алайын.

Толқын да сұлу жағаға қайта ұрғанымен
Сондай бір сөкет іс емес айтылғанымен.

Қайталап қағып есігін сәнді қақпанын
Мына түрімізбен білмеспіз таңның атқанын.

Талай іске де күмәнді ойлар кетеді
Неге адам осындайда тоймай кетеді.

Далада қалар дүние, баға, бағамдар
Нені ойласа ойласын жаман адамдар.

Авторы: Елубай Әуезов