Get Mystery Box with random crypto!

Non-moral Жанарыңа мен емес кеп тығылар, Мұң үшін, әлек үшін | Махаббат өлкесі...

Non-moral

Жанарыңа мен емес кеп тығылар,
Мұң үшін, әлек үшін.
Серілердің жүрегін дертті қылар,
Қалқатай, әдемісің!

Жұмбағымның сұрақпен көмкерілген
Жауабы, сірә, мұңды ой...
Сезіміңді өзіңнен, көздеріңнен,
Айтқызбай ұғамын ғой.

Ала да ғой дей алман және еркелеп,
Өткен күн ұмытылмас па?
Болар ма еді бәрі де, сәл ертерек
жолықсаң, мүмкін, басқа?!

Хат жазып тұр демейін, хабарласып,
Жас төгіп, егілме тек.
Бола салар едім ғой саған ғашық,
Қайтейін, жолым бөлек...

Қос жанарың күйдіріп өңменімді...
Сөз таппай... сан ойлана,
Мен бір жанды күтумен жүргенімді,
Айтамын қалай ғана?

Авторы: Абылай Мәулен