Get Mystery Box with random crypto!

AMANAT партиясы

Telegram арнасының логотипі nurotanchannel — AMANAT партиясы A
Telegram арнасының логотипі nurotanchannel — AMANAT партиясы
Арна мекенжайы: @nurotanchannel
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.98K
Арнадан сипаттама

Саяси және өзге де қызықты жаңалықтар // Интересное о политике и не только

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 54

2021-05-11 09:44:33 ​​№ 212 бағытындағы тозығы жеткен шағын автобустардан шаршаған Қырғауылды кентінің тұрғындары «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне ұжымдық өтініш жолдаған еді.

«Бұл бағыттағы автобус Алматы облысынан қалаға жетуге өте ыңғайлы. Бірақ күнделікті жүріп-тұратын адамдардың көптігіне байланысты олардың бәрін тасымалдап үлгере алмайды. Осы бағытта жүретін автобустардың сыйымдылығы аз болғандықтан, жолаушылардың үнемі сығылысып тұруына тура келеді. Ауылдастармен ақылдаса келе, біз «Nur Otan» партиясына көмек сұрап жүгінуді жөн көрдік», – дейді ауыл тұрғындары.

Алматылық нұротандықтар өтінішті қарап, Қалалық мобильділік басқармасының қолдауымен тұрғындардың мәселесін шешті. Қазіргі уақытта қолданыстағы көліктер ішінара сыйымдылығы жоғары автобустарға ауыстырылды. «Алматыэлектротранс» ЖШС ақпараты бойынша, таяуда GOLDEN DRAGON маркалы сыйымдылығы үлкен 300 автобус сатып алынып, № 212 бағытта қатынайтын автобустар толық көлемде ауыстырылатын болады.

«Күзде «Nur Otan» партиясының Бостандық аудандық филиалына хабарласып, 30 адам болып, қабылдауға келген едік. Осы уақыт ішінде мәселеміздің шешілгеніне қуаныштымыз. «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалына бізді ұмытпай, өтінішімізді бақылауға алып, шешіп бергеніне алғысымызды білдіреміз. Сіздер шын мәнінде нақты іспен көмектесетіндіктеріңізді көрсеттіңіздер», – деді Н.Сәрсенбаев.

Еске сала кетейік, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мәселесі, атап айтқанда, Алматы қаласында іске асыру «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Осылайша, партияның көмегімен 5 жыл ішінде мегаполисте қоғамдық көліктегі жолаушылар ағынының үлесін күніне 1 млн. рет жол жүруді қамти отырып, 63%-ке дейін арттыру жоспарлануда.

@nur_otan
275 views06:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 07:46:10
Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз. Аға ұрпақтың жанқиярлық ерлігі қашанда бізге мұқалмас ерік-жігердің, қайсар табандылық пен асқақ рухтың үлгісі ретінде бағдар бола береді. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және ашық аспан тілейміз!

***

Уважаемые казахстанцы! Искренне поздравляем вас с 76-й годовщиной Победы в Великой Отечественной войне. Подвиг старшего поколения всегда будет служить для нас примером мужества, самоотверженности, несгибаемой воли и стойкости духа. Желаем всем крепкого здоровья, долгих лет жизни и мирного неба над головой!
403 viewsedited  04:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 10:08:58
466 views07:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 09:21:27 ​В 𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧 указали на недочеты в реализации молодежных госпрограмм

Проблемные вопросы в реализации государственных программ «С дипломом – в село!» и «Серпін» рассмотрели члены нового Республиканского общественного Совета по поддержке молодежи партии «Nur Otan».

Как сообщил в ходе заседания вице-министр национальной экономики Алишер Абдыкадыров, в результате реализации проекта «С дипломом в село» с 2009 по 2020 годы свыше 77 тысяч специалистов получили подъемное пособие на сумму 11,5 млрд тенге, а 36,6 тысяч специалистов получили бюджетные кредиты на жилье на сумму 105,3 млрд тенге. При этом наибольшее количество специалистов в сфере образования – 70% и здравоохранения – 21%.

По словам председателя Совета, депутата Мажилиса Мади Ахметова, несмотря на неоднократный пересмотр условий участия в программе с учетом интересов молодых специалистов, запланированные показатели не были достигнуты.

«Данные проекты изначально должны были решить комплекс существующих проблем, выровняв разрыв между городом и селом в различных сферах. Но, к сожалению, ситуация в регионах остается на том же уровне», - сказал он.

В свою очередь председатель «Jas Otan» Нуржан Жетписбаев добавил, что острой остается проблема дефицита кадров в сельской местности. На сегодня в сфере агропромышленного комплекса не хватает 2,8 тысяч специалистов.

«Если учесть, что ежегодно только 30% выпускников, получивших аграрные специальности по государственным грантам, трудоустраиваются в сельской местности, то получается, что около 7 млрд тенге, выделенных из бюджета на эти цели, используются неэффективно. Среди недостатков в реализации программы «С дипломом – в село!» – бюрократия при выделении средств бюджетного кредита молодым специалистам», - подчеркнул он.

В связи с этим руководитель молодежного крыла партии предложил членам Совета из числа молодых депутатов Мажилиса направить депутатский запрос в Генеральную прокуратуру для проверки возможных нарушений, связанных с необоснованными отказами в выплате подъемного пособия и выдачи кредита на приобретение жилья. К мониторингу реализации программ «С дипломом – в село!» и «Серпін» на местах также будет подключен Корпус молодых депутатов партии «Nur Otan».

Подробнее: https://nurotan.kz/news/news-detail/284661?lang=ru
561 views06:21
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 09:18:33 ​𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧-да жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың кемшіліктері айтылды

«Дипломмен – ауылға!» және «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудағы түйінді мәселелерді «Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі жаңа республикалық қоғамдық кеңес мүшелері талқылады.

Отырыс барысында Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров хабарлағандай, «Дипломмен – ауылға!» жобасын іске асыру нәтижесінде 2009-2020 жылдар аралығында 77 мыңнан астам маман 11,5 млрд теңге сомасында көтерме жәрдемақы алса, ал 36,6 мың маман 105,3 млрд теңге сомасында тұрғын үйге бюджеттік несиеге қол жеткізген. Бұл ретте білім беру саласының – 70% және денсаулық сақтау саласының – 21% мамандары қамтылған.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовтің айтуынша, жас мамандардың мүдделерін ескере отырып, бағдарламаға қатысу шарттарының бірнеше рет қайта қаралғанына қарамастан, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.

«Бұл жобалар бастапқыда қала мен ауыл арасындағы түрлі салалар бойынша алшақтықты теңестіре отырып, бар проблемалар кешенін шешуге тиіс еді. Бірақ, өкінішке қарай, өңірлердегі ахуал сол деңгейде қалып отыр, айтарлықтай өзгерістер жоқ», - деді ол.

Өз кезегінде «Jas Otan» ЖҚ-ның төрағасы Нұржан Жетпісбаев ауылдық жерлерде кадр тапшылығы мәселесі өткір күйінде қалып отырғанын алға тартты. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешен саласында 2,8 мың маман жетіспейді.

«Егер жыл сайын мемлекеттік гранттар бойынша аграрлық мамандық алған түлектердің тек 30%-ы ғана ауылдық жерге жұмысқа орналасатынын ескерсек, осы мақсатқа бюджеттен бөлінген 7 млрд теңгеге жуық қаражат тиімсіз пайдаланылып отыр. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын іске асырудағы кемшіліктердің бірі – жас мамандарға бюджеттік несие қаражатын бөлу кезіндегі бюрократия», - деп атап өтті ол.

Осыған байланысты партияның жастар қанатының басшысы Мәжілістің жас депутаттары арасындағы Кеңес мүшелеріне көтерме жәрдемақы төлеуден және тұрғын үй сатып алуға несие беруден негізсіз бас тартуға қатысты құқықбұзушылықтарды тексеру үшін Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдауды ұсынды. Жергілікті жерлерде «Дипломмен – ауылға!» және «Серпін» бағдарламаларын іске асырудың мониторингіне «Nur Otan» партиясының Жас депутаттарының корпусы да қосылады.

Толығырақ: https://nurotan.kz/news/news-detail/284661?lang=kz
395 viewsedited  06:18
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 09:32:36 ​​𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧 закрепит депутатов маслихатов за проблемными объектами ЖКХ

За последние три года для решения проблем жилищно-коммунального хозяйства из республиканского бюджета выделено свыше 330 млрд тенге. Несмотря на масштабные объемы финансирования количество жалоб на дороги, водо- газоснабжение, электрификацию меньше не становится. Системные проблемы ЖКХ и меры по их решению обсудили на заседании Комитета партийного контроля партии «Nur Otan».

Как отметила член Комитета партийного контроля Ануар Ильясова, сумма потерь от утечки воды из износа сетей приблизилась к 16 млрд тенге в год. По итогам проведенного партийцами анализа установлено, что для замены в городской местности всей изношенной водопроводной сети потребуется порядка 20 лет, канализационной сети – 40 лет.

По мнению партийцев, в сложившейся ситуации нередко виноваты не только недобросовестные подрядчики, но и чиновники. К примеру, в Сарыагашском районе Туркестанской области газораспределительную станцию в селе Жибек Жолы построили в 2012 году за более чем 220 млн тенге. Был подписан государственный акт о приеме объекта. Спустя год газовая инспекция выявляет массу нарушений, но реакция у районных чиновников, мягко говоря, запоздала.

«Отдел строительства только через 7 лет, в феврале 2020 года направил письмо подрядчику для устранения нарушений, а он обанкротился. Все эти бюджетные деньги ушли как вода в песок, а газораспределительная станция признана негодной для введения в эксплуатацию. Это бездействие госслужащих и растрата бюджетных средств», – сказала А.Ильясова.

По итогам обсуждения партийцы рекомендовали закрепить в регионах наиболее проблемные объекты жилищно-коммунального хозяйства за конкретными членами комиссий партийного контроля и депутатами маслихатов от партии «Nur Otan». Кроме того, теперь региональные комиссии будут обсуждать подобные вопросы не реже одного раза в квартал с приглашением представителей госорганов, подрядных и эксплуатирующих компаний, а также местных жителей.

За бездействие и отсутствие должного партийного контроля выговор объявлен заместителю акима г. Павлодар Дархану Саканову, акиму Сарыагашского района Мухиту Отаршиеву, руководителям управлений энергетики и ЖКХ Туркестанской области Руслану Тургамбаеву, Карагандинской области Улантаю Усенову, Северо-Казахстанской области Адильбеку Аубакирову. Также партийное замечание вынесено руководителю управления энергетики и ЖКХ Западно-Казахстанской области Аскару Габидуллину.

Подробнее: 𝐧𝐮𝐫𝐨𝐭𝐚𝐧.𝐤𝐳

@nur_otan
403 views06:32
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 09:30:11 ​​𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧 -да Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жүйелі мәселелерін шешу шаралары қаралды

Соңғы үш жылда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 330 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауқымды қаржыландыру көлеміне қарамастан, жолға, сумен, газбен қамтамасыз етуге, электрлендіруге қатысты шағымдар саны азаймай отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жүйелі мәселелері мен оларды шешу шаралары «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің отырысында талқыланды.

Партиялық бақылау комитетінің мүшесі Әнуар Ілиясова атап өткендей, желілердің тозуына байланысты судың ағып кетуінен келген шығын жылына 16 млрд. теңгеге жуықтаған. Партиялықтар жүргізген талдау қорытындысы бойынша қалалық жерлердегі тозығы жеткен барлық су құбырлар желісін ауыстыру үшін 20 жыл, ал кәріз желілерін ауыстыруға – 40 жыл қажет екені анықталды.

Партиялықтардың пікірінше, осындай ахуалдың қалыптасуына тек жосықсыз мердігерлер ғана емес, шенеуніктер де кінәлі. Мысалы, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылында газ тарату станциясы 2012 жылы 220 млн. теңгеден астам қаражатқа салынған. Нысанды қабылдау туралы мемлекеттік актіге қол қойылған. Бір жыл өткен соң газ инспекциясы көптеген жөнсіздіктерді анықтаған, алайда аудандық шенеуніктер, жұмсартып айтқанда, бұған қатысты кеш қимылдап отыр.

«Құрылыс бөлімі тек 7 жыл өткеннен кейін, яғни 2020 жылғы ақпанда ғана мердігерге жөнсіздіктерді жою жөнінде хат жолдаған, ал ол болса, банкротқа ұшыраған. Осынау бюджет қаржысының барлығы құмға құйған судай ағып кеткен, ал газ тарату станциясы пайдалануға беруге жарамсыз деп танылған. Бұл – мемлекеттік қызметшілердің әрекетсіздігі және бюджет қаражатын ысырап ету», – деді Әнуар Ілиясова.

Талқылау қорытындысы бойынша партиялықтар өңірлердегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың ең проблемалы нысандарына партиялық бақылау комиссиясының нақты мүшелері мен мәслихаттардағы  «Nur Otan» партиясының депутаттарын бекітуді ұсынды. Сонымен қатар, енді өңірлік комиссиялар мемлекеттік органдардың, мердігерлік және пайдаланушы компаниялардың өкілдерін, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды шақыра отырып, осындай мәселелерді кем дегенде тоқсан сайын бір рет талқылайтын болады.

Әрекетсіздігі және тиісті партиялық бақылау жасамағаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Дархан Сахановқа, Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевке, бірқатар облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылары Руслан Тұрғамбаевқа (Түркістан облысы), Ұлантай Үсеновке (Қарағанды облысы), Әділбек Әубәкіровке (Солтүстік Қазақстан облысы) сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Ғабидуллинге партиялық ескерту жасалды.

Толығырақ: 𝐧𝐮𝐫𝐨𝐭𝐚𝐧.𝐤𝐳

@nur_otan
355 views06:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 13:22:14 ​​Nur Otan возьмет на контроль строительство медицинских объектов в регионах

Актуальные вопросы развития национального здравоохранения и приоритетные направления Дорожной карты по исполнению предвыборной программы партии «Nur Otan» обсудили на первом заседании Республиканского общественного совета по вопросам здоровья нации.

Здравоохранение – один из важных блоков предвыборной программы, которому посвящены 23 из 362 индикаторов Дорожной карты по реализации предвыборных обещаний.

Так, к 2023 году ставится задача в 2,5 раза увеличить заработную плату врачей, а объём финансирования здравоохранения из всех источников довести до 5% от ВВП страны.

В ходе заседания членами совета были рассмотрены меры по обеспечению контроля за улучшением инфраструктуры медицинских организаций в регионах, в особенности в сельских районах.

Кроме того, члены Совета подняли вопрос страхования профессиональной ответственности медицинских работников. В частности, член Совета Эльмира Алиева предложила создать Институт уполномоченного по правам медицинского работника. В свою очередь вице-министр здравоохранения Ажар Гиният сообщила, что законодательные нормы по внедрению системы страхования находятся в разработке и предложила вынести их на обсуждение уже на следующем заседании.

На первой встрече Республиканского общественного совета по вопросам здоровья нации также был обсужден вопрос повышения и внедрения акцизных налогов на вредные продукты – табак, алкоголь, сахаросодержащие продукты.

Как отметил член Совета, ведущий кардиолог страны Кайрат Давлетов, каждая седьмая смерть сегодня наступает от алкоголя, а среди мужчин до 50 лет каждая третья смерть связана с употреблением спиртных напитков. От потребления табака ежегодно умирает не менее 18 тысяч казахстанцев.

«Именно алкоголь и табак определяют большую разницу в преждевременной смертности между Казахстаном и развитыми странами», - заявил он.

По словам заместителя председателя Совета Джамили Садыковой, почти 80% рекламируемых в Казахстане продуктов – это фаст-фуд, сахаросодержащие напитки, готовые завтраки и др.

«Активное потребление этих продуктов может грозить ожирением, которым страдают 19% мужчин, 23% женщин и почти 20% детей в возрасте от 6 до 9 лет в нашей стране. Прямым следствием развития ожирения является сахарный диабет, которым болеют более 400 тысяч казахстанцев», - сказала она.

@nur_otan
403 views10:22
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 13:19:02 ​​Nur Otan өңірлердегі медициналық нысандардың құрылысын бақылауға алады

Ұлттық денсаулық сақтауды дамытудың өзекті мәселелері және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының басым бағыттары Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бірінші отырысында талқыланды.

Денсаулық сақтау – сайлауалды бағдарламаның маңызды блоктарының бірі, оған Сайлауалды уәделерді іске асыру жөніндегі Жол картасының 362 индикаторының 23-і арналған.

Мәселен, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе арттырып, денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемін барлық көздерден елдің ЖІӨ-нің 5%-іне дейін жеткізу міндеті қойылып отыр.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері медицина ұйымдарының инфрақұрылымын өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде жақсартуға бақылауды қамтамасыз ету шараларын қарастырды.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселесін көтерді. Атап айтқанда, Кеңес мүшесі Эльмира Әлиева Медициналық қызметкердің құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құруды ұсынды. Өз кезегінде денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі заңнамалық нормалар әзірленіп жатқанын хабарлап, оларды Кеңестің келесі отырысына талқылауға енгізуді ұсынды.

Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бірінші кездесуінде зиянды өнімдерге – темекі, алкоголь, құрамында қант бар өнімдерге акциздік салықтарды арттыру және енгізу мәселесі де талқыланды.

Кеңес мүшесі, еліміздің жетекші кардиологы Қайрат Дәулетов атап көрсеткендей, бүгінде әрбір жетінші өлім алкогольден, ал 50 жасқа дейінгі ерлер арасында әрбір үшінші өлім спирттік ішімдіктерді тұтынумен байланысты. Темекіні тұтынудан жылына кемінде 18 мың қазақстандық қайтыс болады.

«Қазақстан мен дамыған елдер арасындағы мезгілсіз өлім-жітімнің үлкен айырмашылығын да дәл осы алкоголь мен темекі анықтайды», – деп мәлімдеді ол.

Кеңес төрағасының орынбасары Жәмилә Садықованың айтуынша, Қазақстанда жарнамаланатын өнімдердің 80%-ке жуығы – фаст-фуд, құрамында қант бар сусындар, дайын таңғы ас және т.б.

«Бұл өнімдерді белсенді тұтыну біздің елімізде ерлердің 19%-і, әйелдердің 23%-і және 6 жастан 9 жасқа дейінгі балалардың 20%-і зардап шегетін семіздікке әкелуі мүмкін. Семіздіктің артуының тікелей салдары 400 мыңнан астам қазақстандық ауырып отырған қант диабеті болып табылады», – деді ол.

@nur_otan
429 viewsedited  10:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 06:53:43 ​​1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
---⠀
Поздравляем с 1 мая - Днём единства народа Казахстана!


@nur_otan
560 viewsedited  03:53
Ашу / Түсініктеме