Get Mystery Box with random crypto!

NURLYBEK JENISBEKULY

Telegram арнасының логотипі nurlybek_zhenisbek — NURLYBEK JENISBEKULY N
Telegram арнасының логотипі nurlybek_zhenisbek — NURLYBEK JENISBEKULY
Арна мекенжайы: @nurlybek_zhenisbek
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 609
Арнадан сипаттама

- Мемлекеттік қызметші
- Әртүрлі тақырыптағы жазбалар мен ойлар.
- Государственный служащий
- Мысли и заметки на разные темы.

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2021-04-06 09:16:46 Әрекетіңе мән бер. Соған орай сенім білінеді. Сенімі нашардың әрекеті бүлінеді!
372 views06:16
Ашу / Түсініктеме
2021-04-05 05:58:09 Әдетте "ертеңді" жиі қолданатындардың ісінде береке жоқ. Бүгінге тиесілі тірлікті бүгін бітір.
349 views02:58
Ашу / Түсініктеме
2021-03-24 12:09:50 Мемлекеттік қызметшіге көңілшек болу қауіпті. Кейбір лауазым өкілдірі осы мінезінен сорлап жүр. Сөзі көп, ісі аз. Уәдесі көп, нәтиже аз. Эмоция көп, салықынқандылық аз.

Көңілшектік- кәсіби мансапта, біліктілік пен дағдыға кедергі келтіретін ең сүйкімсіз қасиет!
435 views09:09
Ашу / Түсініктеме
2021-03-20 11:49:25 Әлбетте өткен шақтан сабақ алмай болашақта нәтиже көрсету мүмкін емес. Алайда біз кешеден ертеңге өту үшін міндетті түрде БҮГІНДІ өткеруіміз керек. Сондықтан өткен күн - бүгінгі күннен ешқашанда маңызды болмауы тиіс.

Кешегі жоспарың ертең орындалсын десең, БҮГІН әрекет ет!

Кешегі қателігің ертең тәжірбиеге айналуы үшін, оны БҮГІН түзет!

Кешегі сәтсіздігің ертең жетістікке айналсын десең, БҮГІН сабақ ал!

Кешегі қиындығың ертең жеңіл болуы үшін, БҮГІН ізден!

Ертең бүгіннен басталады. Бүгініңе мән бер, қымбаттым!

P.S: Мен үшін сенің кеше кім болғаның, ертең кім болатының қызық емес. Бүгін кім екенің әлдеқайда маңызды.
453 views08:49
Ашу / Түсініктеме
2021-03-11 14:37:45
Айналамыздағы құбылыстың сыры:

Деградация?!
Әлде, регресс пе?!
Бәлкім, жасырын эволюция?
Мүмкін, прогресс шығар?!

Білмеймін!
Сіз қалай ойлайсыз?
414 views11:37
Ашу / Түсініктеме
2021-02-27 12:23:23 Өзіңнің эгоңа приоритет беру бизнеске тән, ал жұрттың сұранысына, елдің мүддесіне басымдық беру мемлекеттік қызметке тән.
498 views09:23
Ашу / Түсініктеме
2021-02-16 20:15:06 Су бір орында тұра берсе бүлінеді. Ағын су секілді үнемі қозғалыста бол.

Қозғалыс = тәжірбие. Яғни тәжірбие тұрақтылықпен емес, жаңа бастамалардың қателігімен шыңдалады.

Демек, қозғалыс + қателік +даму - тұрақтылық = тәжірбие.

Мен ұстанатын формула. 
548 views17:15
Ашу / Түсініктеме
2021-01-18 15:15:36
Үкіметтің құрамы қайта бекітілді.
726 views12:15
Ашу / Түсініктеме
2021-01-13 12:12:40 Ахмет Байтұрсынұлы "Жұртыма"-сын жазғанына да жүз жылдан асыпты...
Ұстаздың ғасырдан жеткен үніне құлақ асар жан бар ма?!


Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым,
Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.
Сияқты қара қарға шуылдаған
Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.

Білмейсің жөнің менен терісіңді,
Ел болып іс етпейсің келісімді.
Үміт қып бәйге атындай талай қосып,
Байқадық шабыс түгіл, желісіңді.

Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,
Шығасың қолыңа ала керісіңді.
Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде,
Көрдік қой жайылатын өрісіңді.

Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар,
Қайтейін өзге десе көнгішіңді.
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!
699 views09:12
Ашу / Түсініктеме
2020-11-17 14:32:05 Білім мен надандық туралы

1. Білімсіздік (надандық)+ кедейлік = қылмыс;
2. Надандық (білімсіздік) + байлық = бұзақылық (коррупция);
3. Білімсіздік + еркіндік = анархия;
4. Білімсіздік + билік = диктатура;
5. Білімсіздік + діншілдік = экстремизм.

Енді, осы формула керісінше болса ше?

Яғни білімсіздіктің (надандық) орнына білімді қойсақ, нәтижесінің қалай өзгеретініне көз жүгіртіңіз.

1. Білім + кедейлік = қанағат;
2. Білім + байлық = шығармашылық/өнімділік;
3. Білім + еркіндік = бақыт;
4. Білім + билік = әділдік;
5. Білім + діни сенім = тура жол.
781 views11:32
Ашу / Түсініктеме