Get Mystery Box with random crypto!

Nur -Mubarak university

Telegram арнасының логотипі nmu_kz — Nur -Mubarak university N
Telegram арнасының логотипі nmu_kz — Nur -Mubarak university
Арна мекенжайы: @nmu_kz
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 879
Арнадан сипаттама

Университет жаңалықтары

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-06-29 12:16:08
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
«Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалды көзқарастан арылту және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» айлық курсы мәресіне жетті.
897 views09:16
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 15:05:43 Құрметті ТАЛАПКЕР!!!

Сізді қазіргі қоғамның мол сұранысына ие «Теология» және «Дінтану» мамандықтарын Нұр-Мүбарак университетінде алуға шақырамыз.

«Дінтану» бағытында үш сатылы білім беру бағдарламасы қамтылған ДОКТОРАНТУРА, МАГИСТРАТУРА, БАКАЛВР деңгейінде;
«Теология» бағытында БАКАЛАВР деңгейінде СІЗГЕ сапалы білім ұсынылады!!!

Ал егер жоғары біліміңіз болып, қосымша мамандық алуды қаласаңыз, «Теология» және «Дінтану» мамандықтарын небәрі 2 жылда ЕКІНШІ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ ретінде ақылы оқуыңызға болады.

БАКАЛАВРИАТ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ:
Дінтану (6В02202);
Теология (6В02203);
ЕКІНШІ ЖОҒАРЫ БІЛІМ: теология, дінтану.

МАГИСТРАТУРА
Дінтану (7М02202).

ДОКТОРАНТУРА
Дінтану (8D02202).

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1.Өтініш;
2.Аттестат немесе диплом (түпнұсқа) қосымшамен бірге;
3.3 × 4 көлемдегі 2 фотосурет;
4.075-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
5.063 үлгідегі егілу туралы анықтама;
6.Жеке куәлік көшірмесі;
7.Сотталмағандығын растайтын анықтама;
8.Психологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтыны туралы анықтама.
Телефон: +7 777 302 09 66;

WhatsApp: +7 700 302 09 30.

Inst: @nurmubarakpriem

@nmu_kz
https://www.instagram.com/tv/CeQwBSQDbGQ/?igshid=MDJmNzVkMjY=
1.3K views12:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 09:28:25 ПРЕСС РЕЛИЗ
Комитетом по делам религий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан совместно с Египетским университетом исламской культуры Нур-Мубарак (далее – ЕУИК Нур-Мубарак) с 1 по 30 июня 2022 года проводит курс «Организация курсов повышения квалификации специалистов в области дерадикализации и реабилитации последователей деструктивной и радикальной религиозной идеологии исламского толка». Организатором курса является «Центр по противодействию религиозному экстремизму при ЕУИК Нур-Мубарак».
Курс состоит из 16 дисциплин и рассчитан на 140 академических часов. 73 слушатели курса являются специалистами, непосредственно занятые в религиозной сфере, а именно теологи, исламоведы, имамы и религиоведы, другие специалисты из всех регионов страны. По своей методике курс отличается академическим подходом и актуальной лекционной программой, включающей в себя академические вопросы методов дерадикализации, организацию адресной разъяснительной работы с целевыми группами (радикалами) и инструменты по работе с последователями деструктивных радикальных течении.
Обучение проводит высококвалифицированный профессорско-преподавательский состав включающий в себя ведущих специалистов ЕУИК Нур-Мубарак, КазНУ им. Аль-Фараби, Международного Казахско-Турецкого университета им. Х.А.Яссави, Евразийского Национального университета им. Гумилева, а также приглашенные опытные специалисты, известные в этой области из Национального совета общественного доверия (НСОД) и Академии Комитета Национальной Безопасности.

Адрес: г. Алматы, пр. Аль-Фараби 73, ЕУИК Нур-Мубарак;
Время: июнь, 2022 г.
Тел: +7 700 283 87 57 — с Сулу Исабаевой и Тимуром Нусупханом.
988 views06:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 07:42:31 БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетімен (бұдан әрі – Нұр-Мүбарак ЕИМУ) бірлесе отырып 2022 жылы маусым айының 1 мен 30 аралығында «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалды көзқарастан арылту және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» курсын өткізуде. Курсты Нұр-Мүбарак ЕИМУ жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы ұйымдастыруда.
Курс 16 пәнді қамтиды және 140 академиялық сағатқа негізделген. Курсқа еліміздің барлық аймағынан діни салаға тікелей қатысы бар 73 маман, яғни теологтар, исламтанушылар, имамдар, дінтанушылар және т.б. қатысуда. Әдістемесі бойынша курс академиялық тәсілімен және дерадикализация әдістерінің академиялық мәселелерін, мақсатты топтармен (радикалдармен) атаулы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және деструктивті діни ағымдарға ерушілермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін қамтитын өзекті дәрістік бағдарламасымен ерекшеленеді
Оқыту бойынша ҚР-да өз саласында білікті әрі жетекші мамандардан құралған оқытушы-профессорлар дәріс береді. Атап айтқанда еліміздегі бірегей ислами жоғары білім ордасы Нұр-Мүбарак ЕИМУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Гумилев атындағы ЕҰУ, сондай-ақ осы салада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК) мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының тәжірибелі мамандары шақырылды.

Мекен-жайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 73, Нұр-Мүбарак ЕИМУ
Уақыты: маусым, 2022 жыл.
Байланыс тел: +7 700 283 87 57
877 views04:42
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 07:41:40 «БҮГІНГІ ДІН» көрерменге құнды ақпарат ұсынып келеді!

Алғашқы бағдарлама спикері Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев.
Тақырыбы: «Қазақстандағы діни жағдай және білім беру жүйесі»

Өткен жылы Нұр-Мүбарак университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы, Алматы облысы Дін істер басқармасы және «Жетісу» телеарнасы бірлескен «Бүгінгі дін» бағдарламасы жарық көрген болатын.

Заманымыздың өзекті мәселелері мен тақырыптар төңірегінде сұхбат өрбітетін бағдарламаның негізгі спикерлері елімізге танымал әрі білікті, Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессорлары. Ал бағдарлама жүргізушісі Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, теолог Тимур Нүсіпханұлы!
https://www.instagram.com/tv/CeDXzvMjHZr/?igshid=MDJmNzVkMjY=
672 views04:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 07:40:59 I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ 9 ЖЕҢІМПАЗЫ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Ел ішіндегі дарынды да білімді шәкірттерді қолдау мақсатында Нұр-Мүбарак университеті алғаш рет биыл 11-12 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада ұйымдастырды. Университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаевтың @kairat_kurmanbayev бастамасымен қолға алынған шарада еліміздегі барлық облыстар мен ірі қалалардағы Білім беру департаменттеріне арнайы ресми хат жолданды. Еліміздің барлық аймағындағы мектептің биылғы түлектеріне арналған онлайн білім сайысына 150 үміткер қатысты. Сынақ сұрақтары Ұлттық бірыңғай тест деңгейінде әзірленіп, талапкерлердің білімін саралауға арнайы комиссия құрылды.

«Негізгі мақсат дарынды балаларды қолдаумен қатар, университетке білімді талапкерлердің келуіне жол ашу. Жеңімпаздарға Нұр-Мүбарак гранты табысталып, 4 жыл тегін білім алуға жағдай жасалады»,– деді комиссия жетекшісі НМУ Академиялық мәселелер департаментінің директоры, филос.ғ.к., доцент Жалғас Сәдуахасұлы. Іріктеу турында 50 балдан жоғары алған оқушылар ақтық сынға жолдама алып, «Дін және теология» және «Шетел тілдері» бағыттары бойынша білімдерін сарапқа салды. Нәтижесінде олимпиаданың екі бағыты бойынша 9 жеңімпаз анықталды.

«Дін және теология» бағыты:

орын: Айбар Оспанов

орын: Тоқтақан Аруна, Исанова Дилназ

орын: Кәрімбай Асылай, Абдибек Гүлнара, Піржан Сандыбай

«Шетел тілдері» бағыты:

орын: Дүйсенбек Дінмұхаммед

орын: Эркинова Зиеда

орын: Қожабекқызы Ақнұр

Бүгін білім грантына сертификат берілген 9 жеңімпаз Нұр-Мүбарак университетінде 4 жыл тегін білім алу құқығына ие болды. Ұйымдастырушылар бұл бастама жыл сайын өткізіліп, әсіресе, шалғай ауылдардағы дарынды оқушыларды қамтуға негізделетінін сүйіншіледі.

#Талапкер #талапкер2022
​#nmu #исламтану #дінтану #теология
#nurmubarak #дін #студент
https://www.instagram.com/p/CeOPIxajOOM/?igshid=MDJmNzVkMjY=
818 views04:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 13:19:24
782 views10:19
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 06:20:40 https://www.instagram.com/p/CdNtzA-jTvx/?igshid=MDJmNzVkMjY=
1.1K views03:20
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 12:57:19 https://nmu.edu.kz/kk/news/kajrat-kurmanbaev-elin-ojlamagannyn-erligi-zaya-ertenin-ojlamagannyn-tirligi-zaya/?fbclid=IwAR1ReqzG0JAeNFJuo_1m_wGUXiQMUjTVKvYzNC-8exaKEOOKCu987IbynCk
2.0K views09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 12:46:34 Қасіретті қаңтар: шах пен мат… - Қазақстандағы Ислам
https://kazislam.kz/qasiretti-qangtar-shah-pen-mat/
1.5K views09:46
Ашу / Түсініктеме