Get Mystery Box with random crypto!

Нұр-Мүбаракқа дайындық

Telegram арнасының логотипі nmu_grant — Нұр-Мүбаракқа дайындық Н
Telegram арнасының логотипі nmu_grant — Нұр-Мүбаракқа дайындық
Арна мекенжайы: @nmu_grant
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 178
Арнадан сипаттама

💡 Нұр-Мүбарак университетіне оқуға түсушілерге арналған көмекші канал
Басқаларды шақыру ⤵️

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-24 16:38:22 Құрметті Нұр-Мүбарак университетінің СТУДЕНТТЕРІ!

■2022-2023 оқу жылында жатақханаға тіркеліп орын алу NM hostel платформасы арқылы жүзеге асады. Ол үшін nmuhostel.kz сайтына тіркеліп орын алыңыз.

■Жатақханаға тіркелу күндері:
◉26 тамыз - 1 курс студенттері, 1,2,3 топтағы мүгедектерге , толық жетім студенттерге (әке-анасынан айырылған, айқындаушы құжаттарды жүктеу міндетті)
Шетел азаматтарына (паспортын жүктеу міндеті); беріледі.

◉27 тамыз - 1,2 курс студенттеріне;
◉28 тамыз - 1,2,3 курс студенттеріне беріледі.

ЕСКЕРТУ!
︎4 курс студенттеріне, Алматы қаласында және қалаға жақын аймақтарда тұратын студенттерге жатақханадан орын берілмейді. (Бірақ 1,2,3,4 курста оқитын мүгедектігі бар және толық жетім студенттерге жатақханадан орын беріледі.)

■NM hostel платформасына байланысты call орталық:
︎Тіркелу мәселесі бойынша: 87476505583 Нұржан
︎Техникалық мәселелер бойынша: 87078075018 Маржан
428 views13:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 13:57:40 Нұр-Мүбарак университетінің магистратурасына 15 кісі Дінтану бағытына, 10 адам Исламтану мамандығына грант жеңіп алыпты.
Құттықтаймыз

355 viewsedited  10:57
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 05:43:34 Университетке кім барды, 1-курсқа түсушілердің арасында? (Келісімшарт т.б. шаруалар бойынша)
354 views02:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 23:13:06 Құрметті талапкерлер! 16-25 тамыз аралығында барлық мемлекеттік білім грант иегерлері, әкімшілік грант иегерлері, ақылы бөлімге түсіп оқимын деуші талапкерлер келіп келісім шартқа отырулары керек.
471 views20:13
Ашу / Түсініктеме
2022-08-12 18:23:58
ӘКІМ ГРАНТТАРЫ БОЙЫНША БАЙЛАНЫС
424 views15:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-04 20:37:36 Жатақхана ақысы – айына 15 000 тг көлемінде.
450 viewsedited  17:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-04 20:28:15 ЖАТАҚХАНА

– 700-ге жуық орын бар (ұлдар, қыздар барлығы);

– 2 корпустан тұрады. А корпусы: ұлдар. В корпусы: қыздар;

– әр корпуста жаңадан жабдықталған кітапхана, оқу залы орналасқан. Ұлдар бөлімінде отырып Құран оқуға (жаттауға) ыңғайланған фойе бар;

– 1 бөлмеде 5-6 адам (кейбір үлкен бөлмелерде 8 адамға дейін) тұрады;

– әр бөлменің өз старостасы (әмір, басшы) болады. Олар жоғары курс студенттерінен тағайындалады.

– әр бөлме жеке санузелмен қамтамасыз етілген;

– тамақ ортақ қолданыстағы асханада дайындалады. Сонымен қоса онда ет, жұмыртқа секілді т.б. тез бұзылатын тағамдарды сақтауға арналған тоңазытқыш орнатылған. Әр күні кешке бір бөлменің тұрғындары шығып асханаға тазалық жасайды. Ол үшін арнайы кезекшілік кестесі жасалады;

– сыртта жүрген жағдайда кешкі 23:00-ге дейін (қыздар 22:00) жатақханаға кіріп үлгеру керек;

– жатақханадан басқа жерге түнеу (қону) үшін, Тәрбие және әлеуметтік даму департаментінің басшысының атына өтініш жазу керек. Кез келген студент сол өтінішке жатақхана меңгерушісі мөр басқан соң ғана босатылады;

– ер жігіттер үшін, таң және құптан намаздарын мешітте оқу – уәжіп;

– универ сабағынан тыс уақытта қосымша (араб тілінен, шариғи пәндерден) дәрістер ұйымдастырылады;

– ұлдар жатақханасының кіре берісінде NM Collection тігін цехы бар. Бұл жерде қыздар арнайы мамандардан тігін үйрене алады.

Қызық жері мынау:
– көп жағдайда исламтанушылар бөлек, теолог, дінтанушы және филологтар бөлек бөлмеге орналастырылады.
441 viewsedited  17:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-04 20:21:29 Жатақхана жайлы тағы кім білгісі келеді?
358 views17:21
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 19:23:21 Кімде қандай сұрақ бар?

Сіздер жаза беріңіздер. Барлық сұраққа осы аптаның ішінде толыққанды жауап беруге тырысамын.
367 viewsedited  16:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 22:59:08 Testcenterkz ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы https://t.me/uto92
383 views19:59
Ашу / Түсініктеме