Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайы артқан ке | Жаңалықтар🇰🇿

Қазақстанда коронавирус
инфекциясына шалдығу жағдайы артқан кезде
енгiзiлуi мүмкiн шектеу нұсқалары қарастырылып
жатыр. Бұл туралы ДСМ Инфекциялық ауруларды
эпидемологиялық бақылау басқармасының
басшысы Роза Кожапова айтты, деп хабарлайды
КазАқпарат тiлшiсi. Орталық коммуникациялар
қызметіндегі баспасөз мәслихатында ол той және
басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым
салу мүмкіндігіне қатысты сауалға жауап берді.
<<Бүгінде «сары» аймаққа мұндай шектеулер
енгiзу қарастырылмаған. Дегенмен, «қызыл»
аймаққа өткен жағдайда шектеуді екі кезеңмен
енгiзу көзделедi. Бiрақ, бұл іс-шараны қазіргі
уақытта <<Атамекен» палатасымен талқылап
жатырмыз», - деді басқарма басшысы. Оның атап
етуінше, барлық шешiм ведомствоаралық
комиссияда келiсiлгеннен кейін ғана
қабылданатын болады. <<Бугiнде «сары» аймақта
Той және басқа да іс-шараларды өткізуге шектеу
енгiзу қарастырылып отырған жоқ», - деді Роза
Кожапова.