Get Mystery Box with random crypto!

Комфорт құны Мен Алматыда көбіне яндекс таксимен жүремін. Біл | Narikbi LIVE

Комфорт құны

Мен Алматыда көбіне яндекс таксимен жүремін. Білесіздер, жазды күндері ыстық көлікте ұзақ отыру шаршатады. Сондықтан, таксиде кондиционер болғанын қалаймын.

Бірақ, бұл зат кей таксиде болса, кейбіреуінде болмайды. Әсіресе, эконом көліктерде. Сол үшін тек комфорт шақыратын болдым.

Алайда, байқағаным көп таксиде кондер болса да, қоспайды екен. Бірінші рет қатты таң қалдым.

Өзі ыстықтан терлеп отырған таксистпен осындай диалог болды:
Нәрікби: Аға, кондер қоса аласыз ба?
Таксист: Ол платный услуга ғой, төлеу керек.
(Менің түрім )
Н: Сізге өзіңізге приятно емес пе салқын көлікте айдау?
(Таксист үндемеді )
Н: Жақсы, ыстық көлікте отыра берейік онда.

Көп ұзамай, өзі ұялғанынан болар, қосты кондерді. Жүргізушілерден неге қоспайды десем, ол жанармайға шығын дейді.

Мен шын айтсам түсінбедім бұл экономияны. Кондиционер күніне ары кетсе 2-3 артық бензин алар. Бұл шамамен 500 тенге.

Сонда жүргізуші өзінің комфортына 500 тг аяп тұрғаны ғой. Салқын көлікте өзіне де ыңғайлы, көтеріңкі көңіл күйде болады. Одан клиенттеріне жақсырақ қарайды. Олар оценканы да жақсы қояды, рейтінгі өседі.

Байқайсыз ба, өзінің жұмыс істеу комфортын жақсартқан сайын, жұмыстың өнімділігі де өседі. Бұл тек таксиде ғана емес, жалпы өмірде сондай.

Келісесіз бе?