Get Mystery Box with random crypto!

Жұма қабыл болсын Бүгін намазды сыртта оқыдым. Өте ыстық бо | Narikbi LIVE

Жұма қабыл болсын

Бүгін намазды сыртта оқыдым. Өте ыстық болды. Бір “махшарда” тұрғандай.

Бір байқағаным, имам дистанция және маска кию туралы айтқанымен, тыңдап жатқан адам шамалы. Өкінішті ақ. Қатарда жалғыз өзім маскамен оттым.

Қазір вакцинаның справкасын сатып алғандар көбейіп кетіпті ғой. Менің басқа қаладағы әпкем сондай справка сатып алып, енді бүгін ковидпен екінші рет ауырып, пневмония болып жатыр. Естігенде болдым.

Ертең осындай қазақтар “вакцина салса да ауырып жатыр ғой” дейді. Салмасаң мейлі екен, өзгелерді алдап қажеті не? Түсінбедім.

Біздің аудиторияда ондай адам жоқ екеніне сенемін
Солай ғой?