Get Mystery Box with random crypto!

Өзіңді сыйлау мен өзіңді бағалау қайдан басталады? Құдайға се | Narikbi LIVE

Өзіңді сыйлау мен өзіңді бағалау қайдан басталады?

Құдайға сенбеу, Құдай жаратқан барлық затқа күмәнмен қарауға апарады, оның ішінде ең әуелі адамның өз-өзіне күмәнмен қарауына.

Құдайды сыйламаған адам, Құдай жаратқан барлық затқа сыйламай қарайды, және ең әуелі өзін өзі сыйламаудан бастайды.

Құдайды сүймеу, адамның өз-өзін сүймеуден басталып, барлық жаратылысқа тарайды.

Басқаша айтқанда, адам өзіне және бүкіл әлемге Құдаймен болған қарым-қатынасы арқылы қарайды.

Құдайға не сезінсеңіз, соны өзіңізге де сезінесіз. Егер сіз Құдайға жақсы қараймын, бірақ өзіме жаман десеңіз, ол өтірік. Сіз Құдайға да жаман қарайсыз. Ал егер сіз өз-өзіме жақсы, тек Құдайға жаман қараймын десеңіз, ол да өтірік. Сіз өзіңізге де жаман қарайсыз. Бірі екіншісіз болмайды...

Егер өз-өзіңізге сенуді үйреңгіңіз келсе, өз-өзіңізді сыйлауды үйреңгіңіз келсе, және өз-өзіңізді қадірлеуді үйреңгіңіз келсе, онда сізді жаратқан Құдайға сенуден, Құдайды сыйлаудан және Құдайды қадірлеуден бастаңыз.