Get Mystery Box with random crypto!

Бір жағынан күлкің де, жылағың да келетін жаңалық. Осы маған | Narikbi LIVE

Бір жағынан күлкің де, жылағың да келетін жаңалық.

Осы маған және шетелде істейтін қазақтарға жиі қойылатын сұрақтардың бірі ғой. Қысқаша жауап беруге тырысайын.

Сверхказах-тардың қайтып келуі үшін президенттің сөздері еш қажет емес. Мемлекеттік программалар да керек емес. Бұл жай бос әңгіме.

Мемлекет келесі пункттарды жүзеге асырып, соны ұстанса барлық сверхказахтар өздері ақ шауып келеді. Олар:

1. Тәуелсіз сайлау. Әр қала, облыс, ауыл өзінің әкімдерін сайлай алуы керек. Бұл таңдауды халық өздері шешсе, басқарушы адамнан да сұрау көп болады. Есеп бере бастайды. Таңдауы жоқ халықтың, болашағы да жоқ.

2. Әділетті сот. Шын статистиканы қарамадым, бірақ бізде “оправдательный” сот шешімдері мүлдем аз. Яғни, сот жүйесі көбіне айыпталушыны жазалайды. Бұл бизнестің дамуына, адамдардың әділетті құқық нормаларына сенуінен қалады.

3. Дұрыс істейтін полиция. Құқық қорғау органдарына бөлек сұрақ белгісі бар. Нидерланды еліне көшкенде полицияға деген көзқарасым өзгере бастады. Әділетті, жұмыс істейтін жүйені көрдім. Заңның алдында алдында бәрі бірдей екеніне таң қалдым.

4. Білім беру жүйесі. Шетелде істейтін адамдардың көбі отбасылы. Балалары бар. Жергілікті білім деңгейінің қандай екенін көргенде расымен елдегі білім жүйесі ішің ашиды. Өз көзіммен Қазақстанда жақсы жерде жұмыс істеп, балаларының сапалы білім алулары үшін көшкен азаматтарды білемін.

5. Медицина. Бұл мәселе әсіресе пандемиядан кейін ашылды. Біздегі медицина шынымен арзан әрі қолжетімді. Бірақ, бірақ оның сапасына үлкен күмән бар. Еуропада медицина қымбат болғанымен, оларға деген сенім бар.

Университеттегі оқуымен мен жұмыс істей алу үшін сертификацияның қандай қиын екенін ескересің. Одан бөлек, медицина қызметкерлері өте жоғары төлемақы алады. Айтпақшы, Голландияда 18 дейін балаларға медицина толықтай тегін.

6. Экология. Бұны мен Алматыда 25 жыл тұрған адам ретінде айта аламын. Амстердамға алғаш келгенімде ауаның қаншалықты таза екенін сезіп таң қалдым. Мен Теміртау немесе Өскемен секілді қалалардағы экологиялық жағдай туралы айтқым да келмейді. Менің біраз достарым Алматыда түрлі аллергия, астмамен ауырады. Басқа қалаға барса ондайды сезбейді.

Осы пункттар жүзеге асса, қай адам баласы Қазақстанда өмір сүргісі келмейді, айтыңызшы?

————————

IT және Голландиядағы өмір жайлы блог
https://t.me/askarsat