Get Mystery Box with random crypto!

Приоритет Мен Қазақстанға барған сайын Еуропадан қандай айыр | Narikbi LIVE

Приоритет

Мен Қазақстанға барған сайын Еуропадан қандай айырмашылықты байқадың деп сұрайды. Салыстыру қиын әрине. Бұл екі бөлек әлем секілді.

Алайда бір мәселені точно айта аламын. Ол - көліктер. Алматыда көліксіз өмір сүру мүмкін емес.

Бір жерге бару үшін кемі 30 сағат алдын жоспарлап жүру керексің. Көліктерге приоритет өте қатты берілген.
Мысалы, мен Алматыда тұрғанда парктардың аздығын байқайтынмын. Амстердамға көшкеннен кейін ол анық көзге көріне бастады.

Бұның бәрі қала тұрғындарының приоритеттеріне байланысты деп ойлаймын. Голландықтарға ауаның тазалығы, паркта серуендеу мен спортпен шұғылдану приоритет.
Сол үшін көліктердің құқықтарын азайтып, транспорт пен жаяу жүргіншінің құқығын жоғары қояды.

Жоғарыда Нидерландының Утрехт қаласында болған көпірді көре аласызда. Үстіндегі сурет Алматыдағы Әл Фараби көшесіне ұқсайды, иә?
Голландықтар сол жолдан канал жасап, бүгінде серуендеуге арналған әп-әдемі жер. Алматыда болса керісінше тағы бірнеше жол мен развязка қосушы еді.

Біз өзіміздің приоритеттерімізді дұрыстамай, қала өзгермейді. Тұрғындар нені қалайтынын өздері білу керек деп ойлаймын.

Сіз не ойлайсыз?