Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqsha programming book Достар, біз жақында шетелдік компа | Narikbi LIVE

Qazaqsha programming book

Достар, біз жақында шетелдік компанияларда істейтін достарымызбен бірге бір қызық проект бастап жатырмыз.

Білесіздер, программист - қазір ең керек әрі елімізге жетіспей жатқан мамандықтың бірі. Мен бұл саламен мектеп кезінен айналыса бастадым. Оның себебі, мықты мұғалімдеріміз бен жақсы ресурстар болды.

Ресурстардың бәрі орыс, не ағылшын тілінде  еді. Мен толықтай қазақ мектебінде оқыдым. Бірақ, программирование бойынша бірде бір қазақша кітап болмады. Ал еліміздегі мектептердің көбі қазақ тілінде, әсіресе ауылдарда.

Computer science негіздерінде ең қажет бөлімі - алгоритмдер. Бұл алгоритмдерді білмей бірде бір дұрыс жүйелер құра алмайсыз. Айти компанияларға жұмысқа шақырғанда осы алгоритмдерден интервью алады 2-3 сағат бойы.

Сол үшін, біз өзіміз оқыған кітаптардың бірін қазақ тіліне аудару керек деп шештік. Бұл кітап арқылы талай адам гугл мен фейсбукка жұмысқа тұрған, талай оқушылар олимпиада ұтқан. Сілтеме міне: https://cses.fi/book/book.pdf

Алайда, бұны өзіміз ғана емес, бүкіл халық болып аударайық деп шештік. Википедияны аударған секілді, әрбір адам өзінің көмегін тигізе алады.

Бөлек топ құрып, task-тарды бөліп бірге тегін қазақ тілді алғаш programming кітап шығарамыз. Осы арқылы келешекте әлемдік аренада талай қазақтың программисттерінің шығуына септігін тигіземіз. Керемет емес пе?

Енді, егер бізбен бірге болғыңыз келсе келесі посттағы сілтеме арқылы өтіп, форманы толтырып қойыңыз. Жақында арада сізбен байланыста боламыз.