Get Mystery Box with random crypto!

Адамдар стористарды көріп маған көбіне жекеге 'Еуропадағы өмір | Narikbi LIVE

Адамдар стористарды көріп маған көбіне жекеге "Еуропадағы өмір күшті ғой", "Мен де көшкім келеді" деп жазады. Профиліне ашып қарасам қарапайым қазақтың мұсылман жігіті мен қызы.

Мен не айта аламын? Намазхан мұсылман бола тұра, мұсылман емес мемлекетте өмір сүру ерекше қиын. Өзінің машақаты көп.

Иә, бұл елдер толерантты болып көрінеді. Әсіресе, Батыс Еуропада елдері. Бірақ, ішінде біраз жүрсең қанша дегенімен өзіңді "чужой" сезінеді екенсің.

Мен енді көшіп келгенде азанның дауысын, мешіттегі жамағатты, анамның құшағын, жақын достарымды қатты сағындым. Нағыз жалғыздықтың дәмін сезгендей болдым.

Жергілікті адамдармен ортақ тіл тауып кету деген ерекше қиын болды. Дос табуды мүлдем ұмытуға болады. Себебі, мен үшін достық - ол екі адамның құндылықтары бірдей болған кез. Әсіресе басында адамдардың өмірге көзқарастарын естіп қатты таң қалатынмын. Менің дүние танымымен мүлдем келіспейтін заттарды еститінмін.

Әрине, менімен келіспейтін адамдар бар. Алайда, мен Алматыда өскен намазхан, ешқашан ішпеген, шекпеген жігіттің көзқарасымен айтып отырмын. Жеке байқауымша, біздің орыс тілді "светский" ортада өскен, дінге онша жақындығы жоқ адамдарға еш қиындықты сезбейді.

Алдынғы Германиядағы сапарда біз бір кішкентай қалада болдық. Жаңбыр жауып тұрды, қарным ашты. Біз жергілікті кафелерге барып тамақ іздеп көрдік. Сөйтсем, бәрі доңыздың етінен. Бір пекарьняға кіріп қалып едім, круассанға көзім шалды. Сұрап қалсақ, бұл да халал емес. Эх деп, нан мен кофе ішіп қайттым.

Бірақ, сапардағы адамдардың көбі ондай болмады. Олар керісінше тойып алды. Мен болса шетке шығып, суымды ішіп, сыртта намазымды оқып алдым.

Еуропада нені үйрендіңіз десеңіз - жалғыз болуды деп айтар едім. Өз құндылықтарыңа берік болу үшін сабыр таныту. Ал бұл сіз ойлағандай оңай емес.

Өз елімізді сол үшін бағалай жүрейік.

#кешкі_ойлар