Get Mystery Box with random crypto!

Айтпақшы, бүгін 29 жасқа толдым. Мектеп кезінде отыз жас маған | Narikbi LIVE

Айтпақшы, бүгін 29 жасқа толдым. Мектеп кезінде отыз жас маған өте алыс көрінетін еді. Ал 25 жасымда 40-қа дейін әлі талай уақыт бар ғой деп жүргенмін.

Бірде студенттік шақта ең маңызды жылдар 20 мен 30 жас арасы деп оқып едім. Осы аралықта бәрін көріп үлгеру керек, себебі келесі онжылдық осыған байланысты болады деген ой айтылып еді. Мен осы қағиданы ұстануға тырыстым.

Байқасам, бұл онжылдық та аяқталуға жақын. Ойланатын, саралайтын, кейде тіпті өкінетін дүниелер де бар. Қалай болса да, бұдан сабақ алып, келесі онжылдықтың жоспарын құратын кезең келді.

Бұл сурет Меккедегі Нұр тауы, Хира үңгірінің жанында түскен. Ол жердің ерекшелігі - осы мекенде Құранның алғашқы аяты түскен. Ол кезде Пайғамбарымыз (c.a.c) 40 жаста еді. Бұл жасты кейде - даналықтың шыңы дейді.

Өз қоғамындағы құндылықтар дағдарысын көріп жүрген Алла елшісі (c.a.c), дәл осылай Қағбаға қарап отырып, ойға кетіп, оқшаулататын деседі.

Есейген сайын адам баласы оқшаулануды ұната бастайтын секілді. Өзім әлі қырыққа келмесем де, қаладағы у-шу-дан гөрі, тыныш қана, табиғатта серуендеуде жаным жай табады.

Алдағы он жылда не боларын білмесек те, баршамызға даналық шыңына апарар жолды тіледім.
Құттықтауларыңызға рахмет