Get Mystery Box with random crypto!

Салем достар, Осы шығарылымның мен үшін орны өте ерекше. Сан | Narikbi LIVE

Салем достар,

Осы шығарылымның мен үшін орны өте ерекше. Санжар Керімбай ағамызбен подкастымызды шығару үшін бірнеше ай уақытымыз бен еңбегіміз кетті.

Біріншіден, Санжар аға қазіргі күні Түркия елінде тұрып жатыр, ал мен Амстердамда тұрамын. Бір уақытта кездесе алуымыздың өзі ерекше оқиға.

Екіншіден, осы подкастты көп жоспарлап, бірнеше кітап оқып шықтым. Ал монтажын бір аптадай жасадық.

Және ең бастысы, осы подкаст арқылы рухани депрессияда, кризиста жүрген, өз өмірінің мәнін іздеп жүрген адамдарға арнап жасағым келді.

Бәлки, осы жобада шыққан ең қызық эпизодтардың бірі шығар. Көріп, коммент жазып, бағалап жіберіңіздер. Ютубта алғашқы сағаттар өте маңызды.