Get Mystery Box with random crypto!

The Tattooist of Auschwitz Мен жақында бір досыммен сөйлесіп | Narikbi LIVE

The Tattooist of Auschwitz

Мен жақында бір досыммен сөйлесіп отырып, ол маған The Tattooist of Auschwitz атты қызық кітап туралы айтып берді.

Бұл екінші дүние жүзілік соғыста Аушвиц концлагерінде жұмыс істеп, тірі қалған Лале Соколов атты еврейдің кітабы. Ол - сол концлагерьге келген әрбір адамдарға номерін тату салып белгілеп отырған адам болған.

Лале барлық адамға тату салғандықтан, концлагерьдегі әрбір адамның тағдырын көре алған. Сондықтан да, ол бір қызық құбылысты байқаған. Концлагерьге келген адамдар басында екі топқа бөлінген.

Бірі: бұл соғыс рождество немесе жаңа жылға дейін бітеді, біз мұнда көп болмаймыз, - деген оптимисттер. Ал екіншісі: жоқ, бұл соғыс бірнеше жылға созылады, оңай біте салмайды - деген реалисттер.

Асылында, концлагерьден тірі қалғандардың ішінен көбіне екінші топтағы адамдар болған. Неге? Өйткені, бірінші топтағы адамдар жаңа жыл келіп, соғыс бітпегенін көргенде қатты депрессияға түсіп, біразы өзіне өздері қол жұмсаған. Ал, екінші топтағылар - тірі қалу үшін шыдау керек екенін түсінген.

Бұл мысалды мен өмірде көп көремін. Айтайық, бір жаңадан ғана отау құрған отбасы енді ғана балалы болғанда, оның қиыншылығын сезеді. Сонда, біреулері: балалар кішкене есейген соң жеңіл болады - деп айтады. Алайда, олай болмай шықса, көңілдері қалады.

Немесе, шетелге қатты кеткісі келіп жүрген азамат, "кетсем - мен бақытты боламын" деуі мүмкін. Бірақ, кеткен соң көбіне керісінше жағдай орын алып жатады.

Айтпағым, кейде өміріміздің жеңілдеуін белгілі бір себептерге байлау - бізге кері әсерін беруі мүмкін. Бірде De Lacure досым: өмірдің қиын сәттерінен де лаззат ала білу керек деп еді подкастта.

Өмірдің қиын тұстарын ләззат алмасаң да, қабылдай білу керек деген сабақ алдым.

@narikbi_live