Get Mystery Box with random crypto!

Бәрі ұмытылады Жақында ойланып отырып, адам баласы табиғатына | Narikbi LIVE

Бәрі ұмытылады

Жақында ойланып отырып, адам баласы табиғатынан өте ұмытшақ екеніне көзім жетті. Мысалы, кеше мен дәл бір жыл бұрын не істеп жүргенімді әрең еске түсірдім. Сіз де қазір еске түсіріп көріңізші.

Кейде өмірімде болған қиын сәттерді миымыз еске түсіргісі келмей, оларды ұмытамыз. Бұл жерде бір Құдайдың хикметі бар секілді. Олай болмаса, біраз өмір сүрген қарияларымыз өміріндегі барлық қателері қиын сәттерін еске түсіріп, уайымнан бой алмайтын еді.

Алайда, ол кісілер жастық шағының тек жарқын, жақсы сәттері туралы айтады. Кеңес үкіметі кезіндегі өмірін мақтайтын адамдардар кездестірген шығарсыздар. Осы бір қасиетіміз жалпы халыққа да тиесілі секілді.

Соңғы жылда ақпараттық кеңістікте қатты тараған, бір сәтте бәрінің талқысында болған жаңалықтар болды. Қызығы, ол туралы бір уақыттан соң ешкім еске түсірмейді.

Мен осы жазда Алматыда бір ән кешіне қатыстым. Барсам, ozen лейлбының басшысы Айза жүр екен. Бір күні бұрын ғана болған ИК мен Шизаның концертінде болған ту туралы жағдай қатты қызып тұрды.

Соны Айзамен талқылау барысында, ол маған есте қаларлық сөз айтты: - Нәрікби, қазір халық өте ұмытшақ. Бір аптадан кейін қарашы. Біздің халықтың шыдамы 2-3 күнге ғана жетеді. Кейін ұмытады. Өз тәжірибемнен айтып отырмын, - деді

Шынымен солай болып шықты. Барлық "трендтегі" тақырыптар тез ұмытылады. "Ұйқым келмейді” әнінен бастап кешегі қаңтар оқығасына дейін, Арыстағы жарылыстан Қостанайдағы өртке дейін.

Бұның жаман тұсы - халық ұмытпауы керек оқиғаларды да ұмытып кетеді. Сол үшін де мемлекет мүсіндер мен музейлер салады. Жазушылар кітап жазады. Режиссер фильмдер түсіреді. Бәрі естелік үшін.

Еврей халқы холокостты ұмытпауы үшін әлем бойынша ескерткіштер мен музейлар салып тастаған. Бізге ең болмағанда елге маңызды оқиғаларды кейін балаларымызға айтатындай естеліктер қажет.

Подкаст жасауымның бір себебі осы шығар деймін. Өзімнің және қонағымның естелігі бұл. Бәлкім, бір күні біз де ұмытыламыз.

Менің кешкі пәлсапалық ойларым.