Get Mystery Box with random crypto!

The end of summer Бүгін осы жаздың соңғы күні екен. Қызығы, Е | Narikbi LIVE

The end of summer

Бүгін осы жаздың соңғы күні екен. Қызығы, Еуропа елдері үшін жаз 22 қыркүйек аяқталады. Ал көктемді қазекең сияқты 22 наурызда бастайды.

Осы жаз мен үшін жаңалыққа толы болды. Бірінші рет ата-анамды Еуропаға алып келдім. Ол кісілер мен тұрып жатқан елді көріп, біраз ой түйді. Әкем Эйфел мұнарасы жайлы 14 жасында естіген. Енді 59 жасында оны өз көзімен көрді. Керемет сезім ғой.

Менің анам - тарих пәні мұғалімі. Римде саяхаттағанда әрбір тарихи ғимаратқа қарап, осы жайлы дүние жүзі тарихында не жазылғанын айтып отты. Әсіресе, Колизейдің 21 ғасыр бойы тұрып, әлі сақталғанына таң қалды.

Ал мен жұбайыммен Берлинде Coldplay группасының концертіне бардық. Стадионда 80мың адамдай болды. Ондай масштабты алғаш көруім. Сол күні концертте халықтың секіргенінен Берлинде жер сілкінісін анықтапты. Халықтың көптігінен отель таба алмай, достарымызға бардық.

Жалпы, мен демалыстың маңыздылығын түсіне бастадым. Себебі, жұмыс арасында депрессияға түсіп кеткен кездер болды. Тіпті, 2 рет психологтан сеанстар алдым. Өте қажет дүние екен. Денеңді сау ұстаған секілді, ментал тұрғыдан сау болу да маңызды. Осыған көзім жетті.

Тағы, мен @narikbi_academy атты қазақ тілді айти академия аштым. Бұл жерде айти мамандығын бастағысы келіп жүрген жандарға түрлі курстар болады. Тіпті бір курс бастап, 40 адамды сайт жасауға үйреттік. Ол жайлы келесі посттарда жазармын.

Әлі түйген, бөлісетін ойларым көп. Баяғыдай телеграм каналға жиі жазуды қолға алдым.

Сіздерге осы жаз несімен еске қалды?