Get Mystery Box with random crypto!

Менің өміріме асыл дініміз Исламды дұрыс түсінуіме ең қатты әс | Narikbi LIVE

Менің өміріме асыл дініміз Исламды дұрыс түсінуіме ең қатты әсер еткен адамдардың бірі - Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз.

Кезінде мешітте уағыздарын тастамайтын едім. Күліп отырып, жылататын. Өте терең ойларды оңай жеткізе алатын. Ұстаздың @bauirjanaliuli телеграм каналын үзбей оқитын едім.

Ол жақта ұстаз қысқа болса да, күніге ойландыратын жазбалар қалдыратын. Жүзі де, сөзі сондай жылы кісі.

Бүгін ұстаздың Раббысына қайтта деген суық хабар жетті. Әлі сене алар емеспін. Туған ағамды жоғалтқандай сезімде отырмын.

Ғалымдардың азаюы - қияметтің белгісі деуші еді. 2020 жылдан бері біраз ұстаздарымызды жоғалттық. Бірақ, ол кісілер қайтыс болса, ойлары мен уағыздары ютубта пен подкастта тірі.

Кейде подкаст жасауымның себебі осы шығар деймін. Менің де ойларым осылай келешек ұрпаққа сақталса екен деп.

Ұстазға дұға етіп қояйықшы. Аллах Фирдаус деңгейін нәсіп етсін.