Get Mystery Box with random crypto!

Everything Everywhere All at Once Мен жақсы кино көрмегелі кө | Narikbi LIVE

Everything Everywhere All at Once

Мен жақсы кино көрмегелі көп уақыт өтті. Осылай жалғаса бере ма десем, кеше "Все везде и сразу" атты фильм мені таң қалдырды. Осындай әр сценаға егжей-тегжейлі мән берген фильм көрмеппін.

Киноның негізгі идеясы - біздің әр қабылдайтын шешіміміз өміріміздің танымайтындай өзгерте алады. Мысалы, бір тұлға кішкентай кезде ауылдан қалаға кеткен болса, басқа нұсқасында ол мен ауылда қалада. Кейінгі екі өмірі мүлдем әр түрлі траекторияда өтеді.

Әр шешім - бөлек әлем. Алайда, фильм барысында бұл әлемдер шатасып кетеді. Сол кезде нағыз қызықтар басталады. Ең қызығы, фильмдегі бас кейіпкер өзін ең сәтсіз адам (неудачник) деп санайды.

Басқа әлемде өзінің опера жұлдызы немесе бизнесвуман бола алатынын біледі. Бірақ, ол әлемде де болып, бақытсыз екенін көреді. Бақыттың материалдық затта емес екенін түсінеді.

Сонда, ең сәтсіз өмірі ең бақыттысы болып шығады. Айтпағы - адам ешқашан идеал шешім қабылдай алмайды. Әр шешімнің өз жақсы, не жаман салдары болады. Бары осы ғана.

Спойлер болмасын деп ары қарай айтпай-ақ қояйын. Әлі кинотеатрда көрсетіп жатқанда, барып алыңыздар. Кейін пікіріңізді айтып кетіңіз.

Сіз қандай кино ұсынасыз?