Get Mystery Box with random crypto!

300,000 евро Бірнеше күн бұрын үйіме хат келді. Жіберген Geme | Narikbi LIVE

300,000 евро

Бірнеше күн бұрын үйіме хат келді. Жіберген Gemeente, біздің тілмен айтқанда - жергілікті ЦОН. Текст голланд тілінде жазылған, ортасында арабша және түрікше сөйлемдері бар.

Қызықтың көкесі хатты Google Translate-пен аударғаннан кейін басталды.
Мен тұрып жатқан ауданның әкімшілігі бюджеттегі 300 мың евроны қалай жаратарын білмей, өзінің 130 мың тұрғынының арасында осыны дауысқа салып жатыр екен. Яғни, әрбір тұрғын осы ақшаның тағдырын шеше алады: жаңа парк салу, ағаш отырғызу, жол салу, т.б.
Бұны оқып қатты таң қалдым. Осындағы достарыма айтсам, бұл әр жылдың басында болатын практика екен.

Тіпті, бір қазақ ағамыз мынадай әңгіме айтып берді. Олардың ауданындағы тұрғындар жылына бірнеше рет болатын аудандық пикник жасап беруін талап етіпті. Әкімшілік келісіп, бәрін ұйымдастырып, жыл бойы әп-әдемі пикниктер болған екен. Орысша айтпақшы - "кто платит, тот и заказывает музыку". Голландия тұрғындары сұмдық көп салық төлеген соң мемлекеттен қалаған нәрсесін сұрай алады.
Клиент всегда прав.

Айтпақшы, арабша және түрікше сөйлемдердің болуы мен тұрып жатқан жердің басты фишкасы. Бұл ауданда мароккандықтар мен түріктер өте көп тұрады. Әкімшілік соны ескеріп, хатты да сол тілде жазуға тырысқан.

Тіпті, компьютермен проблемалары бар адамдарға аптаның әр күнінде белгілі орындарда көмек көрсетеді.

Осыны ойлап, әттең, біздің елге бұның жақында келмейтінін түсінесің.