Get Mystery Box with random crypto!

Long story short: менде омикрон Кешелі бері дене қызуым көтер | Narikbi LIVE

Long story short: менде омикрон

Кешелі бері дене қызуым көтеріліп, төсек жатып қалдым. Pfizer вакцинам болса да, екі жыл қашып жүр ковид маған да келіп жетті)

Омикронның ең жаман тұсы - бас ауруы. Ауырғаны соншалық, ойланудың өзі қиын болып кетеді екен. Кешке назарымды кішкене басқа затқа аудару үшін нетфликс қарай бастадым.

Жалпы, нетфликстің контентіне өте көп критикам болса да, оның бір форматы маған қатты ұнайды. Ол - деректі (документал) фильмдер. Нетфликс оны бір жаңа деңгейге жеткізіп тастаған сияқты.

Кезінде документалистика біраз іш пыстарын формат еді. Қазір бұл формат өте динамикаға толы, кейте тіпті көркем фильмдерден де асып кетеді. Отандық документалистиканы дамытып жүрген Қанат Бейсекеевтың түсірген деректі фильмдерді өзі не тұрады. Біз тіпті сол туралы подкаст та жазып едік.

Кеше осы күйде отырып қараған екі деректі фильммен бөлісейін дедім. Айтпақшы, оларды тек ағылшын тілінде қарауға кеңес беремін. Кішкене ағылшынша түсінсеңіз, субтитрлерді да ағылшынша қойыңыз.

1. 14 peaks: Nothing is impossible. Бұл Нирмал Пурджа атты непал елінен шыққан әскері әрі альпинист жайлы деректі фильм. Нақтырсақ айтсақ, Нирмал әлемде 8 мың метрден асатын 14 шыңның бәрін 7 айдың ішінде бағындыруға жоспарлайды. Әлем тарихында оның барлығын бағындырған соңғы адам оны 14 жылда жасапты.

Бұл жобаны өте қауіпті һәм мүмкін емес деп те атам кеткен. Нирмал болса, оны мүмкін деп жобаның атын "Project Possible" деп атап кеткен. Деректі фильм тек шыңдарға шығуды ғана емес, Нирмалдың осы жолға қалай түскені туралы да айтып кетеді. Қарап жатып, мына жігіт шынымен есі ауысқан ау дейді екенсің.

Мысалы, ол қатар тұрған үш шыңды 48 сағатта көтеріліп шығады. Ол Лхоцзе (8516м), Макалу (8485м), Эверест (8848м, jeltoksan әні сияқты дисн). Тағы ол экспедиция кезінде кислородсыз қалып, альпинисттерді құтқарғаны жайлы да түсірілген. Барлығы, Нирмал 6 әлем рекордын қояды екен.

Бірақ, мен қарап болғаннан кейін, осыншалық өзіңнің тігудің мағынасын түсінбедім. Мүмкін, сіз түсеңіз. Қарап шықсаңыз, коммент қалдырып кетіңіз.

2. The Tinder-swindler. Бұл танысуға арналға әйгілі Tinder атты қосымшаны пайдаланып, көптеген адамды алдаған аферист туралы деректі фильм. Ол - Shimon Hayut атты израиль азаматы. Тиндерде Simon Leviev деп танысқан. Әкесі атақты израиль миллиардеры Лев Леваев деп айтқан. Негізі, Симонның рабочий схемасы өте қызық болған.

Ол Тиндерде қыз еуропалық қыздармен танысып, өте қымбат ресторандарға кездесуге шақырған. Ресторанда қалаған барлық тамағын сатып алып берген, кейін жеке самолетімен басқа қалаларға барып, қымбат отельдерде жатқан. Общым, өзінің бай екенін барынша көрсетуге тырысқан. Оған сенген әйелдер әрине оған "сынып" қалған.

Ары қарай ол өзінің жаулары бар және оны іздеп жүргенін айтқан. Бір-екі қанды сурет жіберген. Кредит картам блокталып қалды деп, қарызға ақша сұраған. Ғашық боп жүрген қыздар қайтарады ғой деп оған қарыз берген. Алайда, ол ешқашан ақша қайтармаған.

Симон сол ақшаға басқа қыздарды "сындыруға" кіріскен. Бітпейтін цикл былай қарасаң. Деректі фильмде сол жігіттің қалай ұсталғаны, журналисттердің оның ізіне қалай түскені жайлы жақсы жеткізген.

Ең қызығы, бұл жігіт қазір Израильде бос жүр. Бар жоғы израиль түрмесінде 5 ай ғана отырып, бостандыққа шыққан. Сол үшін біраз адам әлеуметтік желіде оған шағым білдірген. Көріп қойсаңыз, не ойлайтыныңызды жазып кетіңіз.

Ауырмаңыз!