Get Mystery Box with random crypto!

Jas jurek Подкаст шықпай кетті ғой! - деп айтқыңыз келетінін | Narikbi LIVE

Jas jurek

Подкаст шықпай кетті ғой! - деп айтқыңыз келетінін білемін. Соңғы уақыт қарбалас жұмыс көбейіп кетті. Оның үстіне екі ай Алматыда жүремін деп Амстердамдағы өмірді ұмытып қалыппын.

Бұйырса бүгін-ертең подкаст шыққалы тұр. Осыдан бастап апта сайын кезекпен эпизодтар шығаруға тырысамын. Негізі жоспар өте көп. Солардың бірін айтайын.

Мысалы, подкастты жаңа деңгейге көтеру үшін youtube платформасына шыққым келіп жатыр. Бірақ, бұл басқа алаң, өзінің қиындығы мен ережелері бар. Біраз қаражат та керек екен.

Мен сапаға өте қатты қараймын. Байқасам, ютубтың өзі де соған итермелейді екен. Бұл енді жаңа challenge мен үшін. Сол үшін әр жазған хатыңыз, жіберген donation-ыңыз мен үшін өте қымбат.

Сапа демекші, менің Jeltoksan-ның фанаты екенімді білесіз ғой?) Онда енді білесіз. Спотифай плейлистінде оның әндері менде әрқашан топта тұрады. Jeltoksan-ның жақында Jas jurek деген әні шықты. Әуені өте ұнады.

Халыққа ұнағаны соншалық, желіде оған cover шығара бастады. Соның бірі мынау, әсерлі шығыпты:



Ал оригинал міне: