Get Mystery Box with random crypto!

Осымен екі айлық Қазақстандағы саяхатым да тәмәм. Бұл жолы сап | Narikbi LIVE

Осымен екі айлық Қазақстандағы саяхатым да тәмәм. Бұл жолы сапарым түрлі оқиғаларға толы болды.

Жаңа таныс, жаңа достар таптым. Көшеде оқырмандарымды кездесіп марқайып та үлгердім.

Өмірімде бірінші рет оффлайн форматта подкаст жаздым. Алғаш рет видео подкастқа түстім. Студияда бетпе-бет 9 эпизод сұхбаттастық.

Бірінші рет Алакөл мен Ассы жайлауына бардым. Оңтүстік Қазақстанды көлікпен жүріп өттім. Жаңарған Түркістанды көрдім.

Өкініштісі - әжем осы келгенде о дүниеге аттанды. Тағы көп достарым осы індеттпен ауырып, ауруханадан шықты. Көбімен кездесе алмадым.

Қайткен күнде де, Алла шүкір етемін. Өмір осылай тәттісі мен ащысымен де қызық шығар.

Ал, келесі кездескенше. Бұйырса жақында келіп те қалармын, кім біледі?!