Get Mystery Box with random crypto!

Бегущий за ветром Мен қатты политикамен қызықпайтын адаммын. | Narikbi LIVE

Бегущий за ветром

Мен қатты политикамен қызықпайтын адаммын. Алайда соңғы уақытта көрші Ауғаныстан елінде болып жатқан жағдайды көріп тыныш отыра алмадым.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Халед Хусейнидің “Бегущий за ветром” кітабын оқыдым. Тіпті ол туралы пост та жазып едім. Ол постта кітаптан кейін Кабулды көргім келетінімді айтқам.

Бірақ, бұл мақсат талибандар қайта келгеннен кейін орындалмайтын сияқты. Сол кітапта Захир-шах кезінен бастап, американдықтар талибанданды елден қуған сәтке дейін Ауғаныстан елінің жағдайы сипатталған.

Әрине, әдеби шығарма болған соң көп фактілер нақты болмауы мүмкін. Оған қарамастан, кітапта жазылған талибандықтардың жасаған тірліктерін оқып, жағамды ұстағанмын.

Мысалы: әйелдерге жұмыс жасауға тыйым салынған, музыка мен кино көру тіпті болмайды, ер адамдарға сақал өсіру уәжіп және т.б. Кітапта ең есімде қалған сәттердің бірі - стадионда футбол матчында үзіліс жасап, “күнә” жасап қойғандарды көпшіліктің алдында дарға асу.

Бұның бәрін оқып, соңында 2001 жылы оларды қуып шыққаннан кейін бір “уфф” деп қуанасын шынымен. Алайда, бұл режим бүгінде қайтадан билігін орнатып жатыр.

Бұның бізге не қатысы бар, Нәрікби? - десеңіз, бұл жерде бізге үлкен қауіп бар дер едім. Себебі, талибандықтар көршілес елдерге соғыс ашуы әбден мүмкін. Бірінше кезекте Түркіменістан мен Өзбекстан.

Ал соғыс жүргізу үшін армия қажет. Орталық Азияда радикал көзқарастағы адамдар баршылық. Соның ішінде Қазақстан да бар. Сириядағыдай талай қандастарымыз кетіп қала ма деп қауіптенемін.

Оның үстіне бұл жағдай бүкіл Орталық Азия ауданын экономикалық тұрақсыздық тудырып, дамуын тежелейтіні сөзсіз. Былайша айтсам, көршілердің тыныш болуы бізге де жақсы ғой.

Бұл орайда Досым Сатпаев ағаның постын оқуға кеңес беремін: https://www.instagram.com/p/CSoyI6YDoPJ