Get Mystery Box with random crypto!

Намаз оқу | Намазды үйрену

Telegram арнасының логотипі namaz_oku — Намаз оқу | Намазды үйрену Н
Telegram арнасының логотипі namaz_oku — Намаз оқу | Намазды үйрену
Арна мекенжайы: @namaz_oku
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 733
Арнадан сипаттама

⚜ НАМАЗ - ДІННІҢ ТІРЕГІ ⚜
Admin: @namazoku_bot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2021-05-19 13:49:33 Ниет
«Аллахтың разылығы үшін таң намазының екі рәкат сүннетін оқуға ниет еттім»

2. Тәкбір
«Аллаһу әкбар» (Алла ең ұлы!)

3.Қиям
1)«Субханәкә Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смука уә тә'ала жәддукә уә лә иләһә ғайрук»

«Уа, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбарак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.»

2)Ә'узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим, Бисмиллаһир-рахманир-рахим

Қуылған шайтанның (азғыруынан) Аллаға сыйынамын!

3)«Фатиха» сүресі

4) «Кәусар» сүресі

Иннә әътайнәкәл кәусар             Расында, Біз саған кәусарды бердік.

Фәсалли лираббикә уәнхар     Сен де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал.

Иннә шәниәкә һууәл әбтар                    Расында, сені жамандағанның өзі ұрпақсыз қалады.

4.Рүкүғ
«Аллаһу әкбар»

«Субхана раббиял азим» 3 рет (Ұлы Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)

5.Рүкүғтан тұру «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (Алла мадақ айтқан құлын естіді!)

«Раббәнә уә ләкәл-хамд» (Уа, Раббымыз! Барша мадақ тек саған лайық)

6.Сәжде
«Аллаһу әкбар»

«Субхана раббиял а'ләә» 3 рет(Аса Ұлық Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)

7. «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады.

8.Екінші сәжде «Аллаһу әкбар»

«Субхана раббиял а'ләә» 3 рет

9.Сәждеден тұру «Аллаһу әкбар»

2-рәкәт

10.Қиям

1) «Бисмиллаһ»

2) «Фатиха» сүресі

3) «Ықылас» сүресі

11.Рүкүғ «Аллаһу әкбар»

«Субхана раббиял азим» 3 рет (Ұлы Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)

12.Рүкүғтан тұру «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (Алла мадақ айтқан құлын естіді!)

«Раббәнә уә ләкәл-хамд» (Уа, Раббымыз! Барша мадақ тек саған лайық)

13.Сәжде «Аллаһу әкбар»

«Субхана раббиял а'ләә» 3 рет(Аса Ұлық Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)

14 «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады.
15.Екінші сәжде «Аллаһу әкбар»

«Субхана раббиял а'ләә» 3 рет

16.Сәждеден тұру «Аллаһу әкбар»

17Соңғы отырыс

1)Әт-тахият
«Әт-тахияту лилләһи уас-салауаату уа-таййбәәт, әс-сәләәму'аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму 'аләйнә уа 'алә 'ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән 'абдуһу уә расуулуһ»

Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Уа, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне, хазіреті Мұхаммед Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

2)Аллаһумма салли

«Аллаһумма салли 'алә Мухаммәдин уа 'алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә 'алә Ибраһимә уа 'алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»

Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына салауат еткенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына салауат ет. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.

3)Аллаһумма бәрик

«Аллаһумма бәрик 'алә Мухаммәдин уа 'алә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәрактә 'алә Ибраһимә уа 'алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»

Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы. Хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

4)Раббәнә әтинә

«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә 'азәбән-нәр»

Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!

18.Екі жаққа сәлем беру

«Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ»

19.Дұға жасау
«Астағфируллаһ! Астағфируллаһ! Астағфируллаһ! Аллаһумма әнтәс-сәләәму уә минкәс-сәләәм, тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икраам»

Аллаһым! Сен сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Уа, құдірет пен жомарт иесі Раббым.

20. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) Муазға әр намаздың соңында оқы деп өсиет еткен дұғасы:

«Аллаһумма, а'инни 'алә зикрикә уә шукрика уә хусни 'ибәдатик»
223 views10:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 13:45:13
Намаз оқу үлгісі

#әзірет_сұлтан_мешіті
213 views10:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 06:56:38 ЕР КІСІЛЕР ҮШІН НАМАЗ ОҚУ ҮЛГІСІ
291 views03:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 05:37:31
Бұл сурет Әл-Ақса мешітінде болған өрттен өртенген Қасиетті Құран. От Бақара сүресінің 211-ші аятына кеп тоқтаған: «(Уа, Мұхаммед!): Исрайыл ұрпақтарынан сұра, оларға (ақиқатты көрсететін) қаншама ап-айқын дәлелдер келтірдік. Кімде-кім өзіне Алланың нығметі келгеннен кейін оны (яғни тура жолды күпірлікке) алмастыратын болса, Алланың жазасы тым қатты.»

#нұрлыдағуат
516 viewsedited  02:37
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 05:37:31
Оразадан кейін қандай болуымыз керек?...

Әйгілі ғұлама, табиғин Кағбул-Ахбар (Алла оған разы болсын) бұл жайында былай деген екен.
«Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстап жүргенде өз-өзіне іштей ораза біткен соң Аллаға қарсы күнә жасамаймын деп бекінсе ешқандай есеп-қисапсыз, сұраусыз жұмаққа кіреді. Ал кімде-кім Рамазан айында ораза ұстап жүргенде өз-өзіне іштей ораза біткен соң бұрынғы жасап келген күнәсін қайта істеймін деп бекінсе, оның оразасы қабыл болмайды».

Алла Тағала баршамызға рамазаншыл пенде емес, құдайшыл құл болуды нәсіп етсін!
Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

#нұрлыдағуат
426 viewsedited  02:37
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 05:37:31
Алла тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөлегей! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Дінімізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей! Ораза айт мерекесі құтты болсын!

#нұрлыдағуат
371 viewsedited  02:37
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 08:39:50 Сондықтан да дін маманы шәкіртіне немесе жамағатқа бірінші кезекте әдеп-ахлақ үйретуі керек, сосын жамағатқа керек ілімді жөнімен үйретуі керек. Ал қарапайым мұсылман, уағызшыдан немесе жалпы дін адамынан өзінің ақыретіне керек болған ілім мен әдеп-ахлақ(тақуалықты) үйренуі керек және мына нәрсені ешқашан ұмытпауы керек; Алланың аятынан және Пайғамбардың хадисінен басқа сөздер иелерінің қателесу ықтималы бар екенін. Сол үшін де, ол кісілердің әрбір айтқан сөздерін парыз амал сияқты қабыл ету дұрыс емес.

Және де дін адамнан тек дінге қатысты, әрі өз мамандығына қатысты сұрақ қойылуы керек. Яғни, қай алаңда білім алған, сол алаңда ғана сұрақ қойылу керек. Ал, дін адамы да тек өзінің алаңына қатысты мәселеде жауап беруі тиіс. Алла тағала да Құранда Әнбия сүресінің 7-ші аятында былай дейді: "Егер білмесеңдер, ілім иелерінен сұраңдар" және Зумәр сүресінің 9-шы аятында: "Білетіндермен білмейтіндер тең бе? -деп, айт. Әйтсе де, (бұндай нәрселерден) тек ақыл иелері ғибрат алады".

Бұл жайлы Имам Заһид әл-Кәусарий(рахимахулла) былай дейді: "Қандай да бір ғалым бір алаңда майталман маман болумен бірге, басқа бір алаңда жәй қарапайым халық сияқты". Қазақта былай айтады ғой: "Шымшық сойса да, қасапшы сойсын".

Сондықтан да ағайын әр нәрсені өз маманынан сұраған жөн. Яғни дін ілімін дін маманынан(Сенімге байланысты сұрақты ақида ілімін терең оқыған адамнан немесе фиқһ іліміне байланысты сұрақты фиқһ ілімін терең оқыған адамнан), саясат сұрағын саясаттанушы маманнан, медицинаға қатысты сұрақты медицина маманынан дегендей.

Атақты хадисші ғалым Имам Тирмизий хадис кітабында бір хадис жайлы өз алаңына қатысты сөз сөйлегеннен кейін, ол хадистен шығарылатын үкім жайлы былай дейді: "Бұл жайлы Фиқһшы ғалымдардан сұрайық. Өйткені олар бұл мәселенің мамандары".

Сол үшін де ағайын дін жайлы айтып жатқан уағызшы немесе имам бүкіл нәрсені бір мамандай біледі деп ойлау өте үлкен қате. Қазіргі таңдағы мына аты жаман жұқпалы ауру жайында тек мамандардың сөзіне құлақ асу және сол мамандардың нұсқауымен берілген пәтуаға бойұсыну - Қазақстандағы әрбір мұсылманға міндет. Уа, Алла! Бүкіл мұсылман қауымын жаман дертіңнен құтқарып, ауырғандарға тез арада шипаңды бер.
434 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 08:39:49 Бір ұстазды, уағызшыны немесе имамды қатты жақсы көру туралы

Ең дұрыс жол - Орта жол.

احبب حبيبك هونا ما عسى أن يكون بغيضك يوما ما، و أبغض بغيضك هونا ما عسى أن يكون حبيبك يوما ما. رواه الترمذي.

Сүйгеніңді аз ғана сүй, бәлкім күндердің бірінде дұшпаның болар. Ал дұшпаныңды аз ғана жек көр, бәлкім күндердің бірінде ол сүйгенің болар. Бұл сөзді Имам Тирмизий Пайғамбардың сөзі ретінде жеткізеді, бірақ та Ғалымдарымыз бұл сөздің иесі Әли (радыйаллаху анху) дейді.

Қалай болса да, мұсылманға Алладан және Пайғамбардан басқа ешбір нәрсені қатты жақсы көруінің дұрыс еместігін баяндауда. Ал, басқа адамдарды қатты жақсы көрудің немесе жек көрудің дұрыс еместігін айтуда. Не үшін? Өйткені адам басқа бір адамды қатты жақсы көрсе, ол адамды кемшіліксіз, Алла немесе Пайғамбар сияқты етіп, қателеспейді деп ойлап қалады.

Қазіргі таңда, кейбір мұсылмандар, өздеріне белгілі-бір ұстазды, имамды немесе уағызшыны үлгі тұтады. Біраз уақыт өткеннен кейін, әлгі үлгі тұтқанын қатты жақсы көргені соншалық, ол кісіні Пайғамбар сияқты кемшіліксіз, әрі әрбір айтқан сөзі діннен деп ойлап, басқа мұсылмандарды қателескен деп айыптайды.

Осындай түсініктің себебінен, өткенде, тек Қазақстан емес, бүкіл мұсылман елдерінің дін адамдары шариғи дәлелдерге сүйеніп, сақтық шаралар негізінде берген пәтуаға, бір адамның қате түсінігіне еріп, мұсылмандар арасында алауыздық тудырғаны дұрыс болмады.

Имам Абу Ханифа және басқа да атақты Ғалымдарымыздың өздері де, дін(ижтихади, яғни Ғалымдар арасында тартыс бар мәселеде) жайлы айтқанда нақты кесіп айтудан сақтанып, былай деген: Бұл менің көзқарасым ең дұрысы осы, бірақ та қате болу ықтималы бар. Ал басқалардың көзқарасы қате, бірақ та дұрыс болуы мүмкіндігі бар.

Ал күніміздегі дін жайлы, халыққа үгіт жасап жүрген кейбір кісілер өздерінің көзқарастарын немесе ұстанымдарын Алланың аятындай және Пайғамбардың сүннетіндей нақты әрі айқын діннің әмірі деп біледі. Бұндай түсінік өте қәуіпті әрі қоғамға тигізер жаман әсері өте орасан.

Бұл секілді түсінік таъассуфқа жетелейді және үмметтің бөлінуіне алып барады. Ал "таъассуф" дінімізде айыпталған жаман амалдардан.
Ислам Ғұламалары бұндай жаман түсініктен сақтандыру мақсатында шәкірттеріне: "ЕҢ ЖАҚСЫСЫН АЛЛА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕЛШІСІ БІЛЕДІ", "БІЛМЕЙМІН", немесе "ҚАРАУ КЕРЕК" деген сөздерді үйреткен. Имам Матуруди (рахимахулла ) өз кітаптарында, өз ойын айтқаннан кейін: "ЕҢ ДҰРЫСЫН АЛЛА БІЛЕДІ", "АЛЛА ЖАҚСЫ БІЛЕДІ" сөздерін немесе осы сөздерге ұқсас сөздерді көп қолданады.

Имам Тахауи (рахимахулла) болса, бұл әдепті(яғни күмәнді мәселеде ең жақсысын Алла біледі деп айту) өзінің атақты ақида мәтініне(кітабына) тайға таңба басқандай анық жазып қойған.

Ал енді, өздерін мықты білімді санайтын кейбір уағызшылар бұл тәрбиеден жұрдай болғандықтан, өздеріне ұқсамаған барлық мұсылмандарды "адасқан", "бидағатшы", "қорқақ", "биліктің адамы", "муфтияттың адамы" деген сияқты ауыр айып тағып, қарапайым мұсылман жамағатын шатастырып, миларын ашытуда. Ал миы ашыған кейбір білімсіз мұсылмандар солардың соқыр ерушісіне айналып, әдепсіздік жолын ұстанып, басқа мұсылмандарды айыптауда.

Қазіргі дін адамдары(яғни уағызшы, ұстаз немесе имам) шәкірт тәрбиелеудің орнына, өздеріне жақтас тәрбиелеуде. Осының кесірінен намазхан мешіт жамағаты діннің өте күрделі мәселесі жайында, білімсіз бір-бірін айыптауда. Неге? Өйткені білімнен алдын тәрбие бермеген, керегін емес керек емесін үйреткен, бірігуді емес бөлінуді, түсіністік танытуды емес айыптауды үйреткен уағызшысының кесірі.

Имам Малик (рахимахулла) құрайыштық жас жігітке былай дейді: "Ей, бауырымның баласы! Ілім үйренбестен бұрын Әдеп-Ахлақ үйрен". Имам Әбу Ханифа(рахимахулла) былай дейді: "Мен үшін фиқһ ілімінен бұрын, ғалымдардың өмірінен және мәжілісінен хабар берген қатты ұнайды, өйткені, Олардың өмірінде әдеп-ахлақ бар". Имам Абу Закария әл-Анбарий (рахматуллахи алейхи) былай дейді: "Әдепсіз білім, отынсыз от сияқты".
383 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 05:50:35
Рамазанның соңғы 10-түні және Қадірі.

Ұстаз Ерлан Ақатаев

@kuran_tapsir
480 views02:50
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 05:50:35 ҚАДІР ТҮНІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ

`Убада ибн Самиттен жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қадір түнінің белгілері туралы былай деген:

«Қадір түнінің белгісі – оның түнық әрі жарық, ал айдың ол түні бейне бір жарқырап тұрғандай болатыны. Ол түн тыныш, суық та емес, ыстық та емес жайлы болады. Бұл түні таң атпайынша жұлдыздардың лақтырылуына рұқсат берілмейді. Оның тағы бір белгісі: таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады, әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді»
(Ахмад 5/324)

@kuran_tapsir
470 views02:50
Ашу / Түсініктеме