Get Mystery Box with random crypto!

Сондықтан да дін маманы шәкіртіне немесе жамағатқа бірінші кез | Намаз оқу | Намазды үйрену

Сондықтан да дін маманы шәкіртіне немесе жамағатқа бірінші кезекте әдеп-ахлақ үйретуі керек, сосын жамағатқа керек ілімді жөнімен үйретуі керек. Ал қарапайым мұсылман, уағызшыдан немесе жалпы дін адамынан өзінің ақыретіне керек болған ілім мен әдеп-ахлақ(тақуалықты) үйренуі керек және мына нәрсені ешқашан ұмытпауы керек; Алланың аятынан және Пайғамбардың хадисінен басқа сөздер иелерінің қателесу ықтималы бар екенін. Сол үшін де, ол кісілердің әрбір айтқан сөздерін парыз амал сияқты қабыл ету дұрыс емес.

Және де дін адамнан тек дінге қатысты, әрі өз мамандығына қатысты сұрақ қойылуы керек. Яғни, қай алаңда білім алған, сол алаңда ғана сұрақ қойылу керек. Ал, дін адамы да тек өзінің алаңына қатысты мәселеде жауап беруі тиіс. Алла тағала да Құранда Әнбия сүресінің 7-ші аятында былай дейді: "Егер білмесеңдер, ілім иелерінен сұраңдар" және Зумәр сүресінің 9-шы аятында: "Білетіндермен білмейтіндер тең бе? -деп, айт. Әйтсе де, (бұндай нәрселерден) тек ақыл иелері ғибрат алады".

Бұл жайлы Имам Заһид әл-Кәусарий(рахимахулла) былай дейді: "Қандай да бір ғалым бір алаңда майталман маман болумен бірге, басқа бір алаңда жәй қарапайым халық сияқты". Қазақта былай айтады ғой: "Шымшық сойса да, қасапшы сойсын".

Сондықтан да ағайын әр нәрсені өз маманынан сұраған жөн. Яғни дін ілімін дін маманынан(Сенімге байланысты сұрақты ақида ілімін терең оқыған адамнан немесе фиқһ іліміне байланысты сұрақты фиқһ ілімін терең оқыған адамнан), саясат сұрағын саясаттанушы маманнан, медицинаға қатысты сұрақты медицина маманынан дегендей.

Атақты хадисші ғалым Имам Тирмизий хадис кітабында бір хадис жайлы өз алаңына қатысты сөз сөйлегеннен кейін, ол хадистен шығарылатын үкім жайлы былай дейді: "Бұл жайлы Фиқһшы ғалымдардан сұрайық. Өйткені олар бұл мәселенің мамандары".

Сол үшін де ағайын дін жайлы айтып жатқан уағызшы немесе имам бүкіл нәрсені бір мамандай біледі деп ойлау өте үлкен қате. Қазіргі таңдағы мына аты жаман жұқпалы ауру жайында тек мамандардың сөзіне құлақ асу және сол мамандардың нұсқауымен берілген пәтуаға бойұсыну - Қазақстандағы әрбір мұсылманға міндет. Уа, Алла! Бүкіл мұсылман қауымын жаман дертіңнен құтқарып, ауырғандарға тез арада шипаңды бер.