Get Mystery Box with random crypto!

N_UBT_2о22

Telegram арнасының логотипі n_ubt_2o21 — N_UBT_2о22 N
Telegram арнасының логотипі n_ubt_2o21 — N_UBT_2о22
Арна мекенжайы: @n_ubt_2o21
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 153
Арнадан сипаттама

📚Сәлем,жас түлек!☺
💥 ҰБТ-дан жоғары ұпай жинауыңа септігін тигізетін канал.
✅ Пайдалы ақпараттар
✅ Нұсқалар
✅ Оқулықтар
✅ Кеңестер
✅ Викториналар
✅ Quiz тапсырмалары
⛔ Реклама,ссылка=бан!
Сұрақтар➡ @bupebupe
Канал➡ t.me/N_UBT_2o21

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 6

2021-08-03 10:49:16 N_UBT_2о21 pinned «Қайырлы күн,жақсыларым! Бұйырса грант конкурсының жауабы 10-15.08 аралығында шығады. Оған дейін кішкене шыдамдық қана керек.»
07:49
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 10:49:13 Қайырлы күн,жақсыларым!
Бұйырса грант конкурсының жауабы 10-15.08 аралығында шығады. Оған дейін кішкене шыдамдық қана керек.
17 views07:49
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 16:06:25
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді
коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды.

@bilim_jane_gylym
16 views13:06
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 07:51:21 ҰБТ, документ деп, оларды аман-сау тапсырып,енді грант жауабын күтіп жатырмыз. Уақыт тез өтіп жатқан секілді. Қазір жаз мезгілінің 3-айы. Сіз демалып үлгердіңіз бе?
58 views04:51
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 07:35:27 app.testcenter.kz сайтында "моя история" деген бөлімде 4 универ шығып тұрса, сіз конкурсқа қатысып жатырсыз.

Бұйырса 2 аптадан соң жауап белгілі болады. Кішкене ғана шыдайық
57 views04:35
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 03:35:32 Қайырлы таң,жақсыларым!
Аптаның алғашқы күні сәттілікке толы болсын!
11 views00:35
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 09:38:40 Қайырлы күн,жақсыларым!

ГРАНТ КОНКУРСЫНА 75 МЫҢ ТАЛАПКЕР ҚАТЫСУДА

Комиссия отырысы 10 тамызға дейін жалғасады. Ал жауаптары 10-15 тамыз аралығында шығатын болды.

Еске сала кетейік, ҰБТ-ны 145 мыңнан аса талапкер тапсырған болатын. Оның 88 мыңы (60%-ы) шектік баллды жинаған еді.
55 views06:38
Ашу / Түсініктеме
2021-07-31 11:51:23 Университеттің мектептен айырмашылықтары

Жаздың соңғы айында абитуриенттер таңдаған университеттері мен мамандықтарына түсе бастайды. Осыған орай, университет пен мектептің арасындағы айырмашылықтар жайлы сөз қозғауды жөн көрдік.

– Мектепте мұғалімдер оқушының оқу үлгеріміне байланысты жиналыстар ұйымдастырып жатады. Ал университетте студентке толық еркіндік беріледі. Сабақ оқымай жүрген болсаң, саған ешкім ұрыспайды. Бірақ сессия уақытында аты-жөнің универден шығарылғандар тізімінен табылуы әбден мүмкін.

– Сабақ материалы мектепте әр пәннің өзінің оқулығынан табылады. Университетте бұл мәселе кішкене қиынырақ. Толық материал тек сабақ барысында оқылатын лекцияда және әр пәннің пайдалану әдебиеттері тізіміндегі кітаптарда болады.
 
– Университетте оқу жылы тоқсандарға емес, семестрлерге бөлінеді. Семестрде неше апта бар екенін оқытушылардан біліп алуға кеңес береміз. Сонда сессияға дейінгі уақытты біліп отырасың және оған алдын-ала дайындала бастайсың.

– Студент атанғаннан кейін көк түсті мектеп формасын ұмытасың. Университетте студенттердің формасына байланысты қатаң ереже жоқ. Бірақ бұл, не дегенмен, оқу орны. Сол себептен киім таңдауда аса еркіндікке жол бермеген дұрыс. Өйткені сенің киіміне қарап, басқаларда сен туралы белгілі бір пікір қалыптасады.

– Айта кету керек, университетте бір күн сабақта болмасаң, ертесінде оның себебін сұрап, немесе медициналық справка талап етпейді. Дегенмен, сол бір күн үшін студент сессия уақытында қиындыққа тап болуы ғажап емес. Сондықтан мүмкіндігінше сабақтарды жібермеу керек.
54 views08:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 15:55:02 N_UBT_2о21 pinned «Добрый день,друзья! С полным списком обладателей грантов можно будет ознакомиться с 1 по 10 августа на сайтах: Egemen.kz, Kazpravda.kz, Testcenter.kz и в Telegram-боте @testcenterBot, где необходимо внести индивидуальный код тестируемого (ИКТ).»
12:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 15:54:56 ​75 МЫҢ ТАЛАПКЕР БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

75 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Құжаттарды қабылдау 16-26 шілде аралығында жүзеге асырылды. Байқау нәтижелері 15 тамызға дейін жарияланады.

Үміткерлер арасында 7054 «Алтын белгі» иегері, 576 халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ патриоттық сезімі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін үздік белгісімен марапатталған 705 бала бар. Балдар тең болған жағдайда олар басым құқыққа ие болады.

«Сонымен қатар биыл БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға квота бөлді. Енді жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, толық емес отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі артты. Оларға арнайы гранттар бөлінген. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген», – деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Сондай-ақ ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға және ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота қарастырылған.

Биыл 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балды 88 мыңнан астам адам жинады, бұл – қатысушылардың жалпы санының шамамен 60%-ы. Биылғы жылы орташа балл 69 балды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 балға жоғары.

ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер ұлттық жоғары оқу орындарында грантқа үміткер бола алатынын айта кетейік. «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» − кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін кемінде 50 балл қажет.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Конкурстық комиссияның отырысы 10 тамызға дейін өтеді. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, «Қазақстан студенттері Альянсының» және «Отандастар» қорының өкілдері кірді.

@bilim_jane_gylym
39 views12:54
Ашу / Түсініктеме