Get Mystery Box with random crypto!

Мұсылман естеліктері

Telegram арнасының логотипі muslimsnotes — Мұсылман естеліктері М
Telegram арнасының логотипі muslimsnotes — Мұсылман естеліктері
Арна мекенжайы: @muslimsnotes
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.89K
Арнадан сипаттама

Ислам дінін сенімді дереккөздерден баяндауға бағытталған арна
Біздің YouTube: https://youtube.com/channel/UCwXN_-5d1FGFLNGGCHTi3lg
Арнаның бас редакторы: @altayberish

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-11-28 18:00:06 Шейх Мұқбил Уадиғи (Аллаһ оны рахым етсін):

«Ілім талап ету қиын нәрсе, ал ілім жолында берік болу одан да қиын», — деген.

الإمام الألمعي 254

Алтай Беріш

@muslimsnotes
889 views15:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-26 16:40:58
Бүгін, Аллаһ қалуымен, Әбдурахман Сағдидың «Аллаһ тағаланың жалғыздығы мен кемелдігін бекітетін ақли дәлелдер» кітабынан онлайн-сабақ өтеді.

19:30 Мекке б-ша / 22:30 Нұр-Сұлтан б-ша

Алтай Беріш

@muslimsnotes
711 views13:40
Ашу / Түсініктеме
2021-11-26 16:32:18 «Аллаһ тағаланың жалғыздығы мен кемелдігін бекітетін ақли дәлелдер»

Автор: Әбдурахман Сағди (1376 һ., Аллаһ оны рахым етсін)

4-сабақ

Талқыланған мәселелер:

Аллаһтың түсірген кітаптары мен шариғатының кемелдігі Оның жалғыздығына дәлел
Фитра Аллаһтың жалғыздығына қалай дәлел болады

Алтай Берiш

@muslimsnotes
724 views13:32
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 12:23:49 Әбдурахман Сағди (Аллаһ оны рахым етсін):

«Егерде ата-аналар балаларының, аз болса да, жақсылық істеріне алғыс білдіртуге өздерін тәрбиелеп, қателерін кешсе, балаларының жақсы істері көбейіп, өздері рахат сезеді.

Аллаһ тағала балаларына жақсылық істеуге көмекші болған әке-шешені мейірімдігіне алсын!».

الرياض الناضرة 73

Алтай Беріш

@muslimsnotes
864 viewsedited  09:23
Ашу / Түсініктеме
2021-11-07 11:14:31
525 views08:14
Ашу / Түсініктеме
2021-11-06 09:54:43 Талақтың алдын алу себептері:

1) Жұбайлардың арасындағы байланыстың негізі ажырасу мен талақ емес, алайда байсалдылық пен тұрақтылық. Сондықтан әр талас кезінде оларға ажырасуды еске алудың қажеті жоқ, әйткенмен, жағдайы барынша, екеуі де тынышталып, мәселені шешуге тырысулары керек.

2) Хадисте «мұсылман ер мұсылман әйелді жек көрмесін. Әйелінен жаман мінезді ұнатпаса, жақсы мінезінен разы болсын», — деп келеген. Бұның мағынасы: егерде ер кісі әйелінің қатесін немесе теріс ісін көрсе, оны сол үшін жек көріп кетпесін. Қандай адам қателікке түспейді?! Бұл әйелге де байланысты хадис.

3) Әйел әрбір «кеңесшіге» құлақ аса бермесін, тіпті бұл «ақыл айтушы» сіңілі немесе құрбы секілді жақын адам болса
да. Алайда кеңесі шариғат пен даналыққа сай болған адамды тыңдасын. Себебі бұнымен жақсылық көбейеді, жамандық алшақтайды және кемшілік жөнделеді. Қаншама сырты мейірімдік болып көрінетін, ал іші мен әсері ажырасуға алып келетін кеңестерді көргенбіз.

4) Егерде жұбайлардың әрқайсысы отбасына, жұбайына және балдарына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттерін біліп, орындаса, сот ғимараттарында отбасыаралық таласты көрмес едік.

5) Төрт әйел алуды Аллаһ тағала көптеген даналықтар себепті рұқсат еткен, бірақ бұл әмірдің бет-әлпетін кейбір еркектер бұзған; олар бірнеше әйел алып, содан соң бұл нәрсе бірінші әйелі мен бала-шағасының құртылу себебі болған. Және де көпәйелділіктің суретін құртқандардың бірі — бүкіл еркектерді соған қоймастан шақырып, кімде-кім көп әйел алмаса, соның еркекшілігінде күмәнданатын адам.

6) Ажырасудың бір себебі — діни ынтаның әлсіздігі мен күнәларға немқұрайлы көзбен қарау. Негізі күнәлардың тартыс-талас пайда болудағы әсері өте үлкен, алайда ерлі-зайыптылардың көбісі осыны түсінбейді.

7) Ерлі-зайыптылардың арасында сенім болу өте қатты маңызды. Сондықтан ер кісінің әйелін бақылап, аңдуы және әйел кісінің күйеуін бақылап, аңдуы олардың арасында тұрақтылықтың жоқтығына дәлел. Әрі жұбайлардың арасына күмән кіру ажырасуға алып келетін жолдардың бірі.

8) Кейбір еркектердің әйелдерінің кемшіліктерін қайта-қайта еске алып, оған қоса басқа әйел алуды қалайтынын айтуы жұбайлардың жақсы өміріне балта шабады. Бұл нәрсе қатты ренжітеді, қайғыландырады, әрі бездіреді. Осыдан кейін еркек әйелінен қандай махаббатты күтеді?!

9) Отбасыда тұрақтылықтың жойылу себептерінің бірі: әйел кісінің күйеуіне мұқтаж еместігін көрсетуі; не жұмысым бар, – деп, не басқа жолдармен. Оған қоса, отбасыдағы үстемділік пен қамқорлықты өз қолына алуға ұмтылуы немесе сол нәрседе күйеуімен жарысуы.

10) Махаббат сезімдерін жаңарту, талас-тартыстар есігін жабу және көбеюіне жол бермеу. Сонымен қатар шәйтан тарататын қатыкездік пен дөрекілікті тастап, ынтымақтық пен достыққа алып келетін себептер алу.

Шейх Мұхаммад Ғалибтың твиттердегі ресми парақшасы

Алтай Беріш

@muslimsnotes
1.2K viewsedited  06:54
Ашу / Түсініктеме
2021-11-05 19:56:33 Шейхульислам Ибн Тәймия (728 һ., Аллаһ оны рахым етсін):

«Пенде неғұрлым Аллаһқа бойсұнса, әрі Оған бағынып, мұқтажылығын білдіртсе, соғұрлым Оған жақынырақ, бағалы, әрі қадірлі болады».

مجموع الفتاوى 1/39

Алтай Беріш

@muslimsnotes
328 views16:56
Ашу / Түсініктеме
2021-11-05 12:53:15
678 views09:53
Ашу / Түсініктеме
2021-11-05 11:31:44
Бүгін, Аллаһ қалуымен, Әбдурахман Сағдидың «Аллаһ тағаланың жалғыздығы мен кемелдігін бекітетін ақли дәлелдер» кітабынан онлайн-сабақ өтеді.

17:00 Мекке б-ша / 20:00 Нұр-Сұлтан б-ша

Алтай Беріш

@muslimsnotes
143 views08:31
Ашу / Түсініктеме
2021-11-03 18:37:47 «Аллаһ тағаланың жалғыздығы мен кемелдігін бекітетін ақли дәлелдер»

Автор: Әбдурахман Сағди (1376 һ., Аллаһ оны рахым етсін)

3-сабақ

Талқыланған мәселелер:

Ғаламның бастауы бар екендігі Жаратушының бар екендігіне дәлел
Батыс химия, физика, биолгия және астрономия ғалымдарының ғаламның бастауы бар екендігін қалай дәлелдеген
Әлем кездесойық пайда болу мүмкін еместігін математика, биология, астрономия қалай бекітеді
Дұғалардың қабыл болуы Жаратушының бар екеніне дәлел

Алтай Берiш

@muslimsnotes
333 views15:37
Ашу / Түсініктеме