Get Mystery Box with random crypto!

Мұсылман естеліктері

Telegram арнасының логотипі muslimsnotes — Мұсылман естеліктері М
Telegram арнасының логотипі muslimsnotes — Мұсылман естеліктері
Арна мекенжайы: @muslimsnotes
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.89K
Арнадан сипаттама

Ислам дінін сенімді дереккөздерден баяндауға бағытталған арна
Біздің YouTube: https://youtube.com/channel/UCwXN_-5d1FGFLNGGCHTi3lg
Арнаның бас редакторы: @altayberish

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2021-07-12 16:26:46
3.4K views13:26
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 15:55:45 Кейбір ханафи бауырларымыз білместіктен намаздарында “Фатиха” сүресін оқымайтыны туралы

Ханафи мазһабында “Фатиха” сүресін бірінші екі ракағатта оқы уәжіп.

Имам Касани (587 һ., Аллаһ оны мейірімдігіне бөлесін): «Намаздың негізі уәжәптері алты нәрсе. Олардың бірі “Фатиха” сүресі мен қосымша сүрені екі ракағаттық намазда және үш не төрт ракағаттық намаздың бірінші екі ракағатында оқу. Кімде-кім “Фатиха” оқуды немесе қосымша сүрені оқуды әдейі тастаса, [хадисте келген] намазы дұрысы емес адам (المسيئ) болады, ал қателесіп тастап қойса, оған саһу сәжде қылу міндет болады», — деген (بدائع الصنائع 1/503).

Имам Марғинани (593 һ., Аллаһ оны мейірімдігіне бөлесін): «Фатиха сүресін оқуды біздің мазһабта уәжіп санайды», — деген (الهداية 1/300).

Кейбір кітаптарда “фатиха оқу сүннет” — деп келсе де, оның мағынасы уәжіп.

Имам Марғинани (593 һ., Аллаһ оны мейірімдігіне бөлесін): «Автор “намаздың сүннетері” деп айтсада, оладың ішінде кейбір уәжіп амалдар бар. Мысалы, Фатиха сүресі мен қосымша сүрені оқу...» (الهداية 1/282).

Ал уәжіп дегеннің мағынасы: әдейі тастаған адам күнә алады, — дегенді білдіреді.

Имам Ибн Һумам Ханафи (861 һ., Аллаһ оны мейірімдігіне бөлесін): «Фатиха сүресін оқу уәжіп. Сондықтан оны тастаған адам күнә алады», — деген (فتح القدير 1/299).

Сондықтан ханафи мазһабының ең ықшам, әрі бірінші оқыдатын кітабында — “Мұхтасар Құдуриде” саһу сәждесі бабында Фатиха оқуды тастау саһу сәжденің себептерінен екені айтылған (مختصر القدوري 33).

Тағыда қосарым: имам Әбу Ханаифадан Фатиха сүресін үш не төрт ракағаттық намаздардың үшінші және төртінші ракағаттарында да оқу уәжіп деген риуят бар. Бұр риуятты оның шәкірті Мұхаммад ибн Хасан бізге жеткізген. Бұл риуят бойынша, үшінші не төртінші ракағатта Фатиха сүресін әдейілеп оқымаған адам [хадисте келген] намазы дұрыс емес адамның үкімін алады. Бұны осылайша имам Маусыли (683 һ., Аллаһ оны мейірімдігне бөлесін) түсіндірген (الاختيار 1/185).

Аллаһ баршамызға һидаят-тауфиқ берсін!

Дайындаған: Алтай Беріш

t.me/altayberish
4.5K views12:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 06:27:32
4.5K views03:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 06:27:19
4.1K views03:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 22:51:13 Қадір түні айтылатын дұға

اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ ؛ فَاعْفُ عَنِّي

[Транскрипция: Аллаһумма иннака ‘әфуун, тухиббул-‘әфуа, фә’фу ‘әнна] (Сахих хадис. Термизи 3513, Ибн Мәджә 3850).

Мағынасы: Аллаһым! Сен — Кешірушісің, әрі ғафу етуді жақсы көресің, сондықтан бізді кешіре гөр!

Дайындаған: Алтай Беріш

t.me/muslimsnotes
5.7K views19:51
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 01:04:33 Аллаһтың тағдырына разы болу — мұсылманның сипаттарынан

Құранда Аллаһ тағала:

عسى أن تكرهوا شيئا وهو خير لكم وعسى أن تحبوا شيئا وهو شر لكم والله يعلم وأنتم لا تعلمون

«Сендер бір нәрсені жек көру мүмкінсіңдер, алайда бұда сендерге жақсылық бар. Сендер бір нәрсені жақсы көру мүмкінсіңдер, алайда бұда сендерге жамандық бар. Аллаһ біледі, ал сендер білмейсіңдер» (2/216), — деген.

Омар ибн Хаттаб (Аллаһ одан разы болсын): “Маған бәрі бір; менің күнім мен жақсы көретін нәрседен басталсын, не мен жек көретін нәрсенден басталсын. Себебі жақсылық мен жақсы көретін нәрседе ме, әлде мен жек көретін нәрседе ме екенін білмеймін”, — деп айтқан (الزهد لابن المبارك 425).

Дайындаған: Алтай Беріш

t.me/muslimsnotes
4.9K viewsedited  22:04
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 20:54:17
Құран оқымайтын бауырларға насихат

Алтай Беріш

t.me/muslimsnotes
5.0K views17:54
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 20:50:09 Ханафи мазһабы бойынша ораза кітабы

Имам Мұхаммад ибн Хасан Шәйбанидың риуаятымен “Муатта” кітабының хадистернің түсіндірмесі.

Автор: ханафи ғалымы Әбдулхай Ләкнәуи

Алтай Беріш

9-сабақ. Баб: Құсу оразаны бұзады ма? / Баб: Сапарда ораза ұстау туралы

t.me/muslimsnotes
3.3K views17:50
Ашу / Түсініктеме
2021-04-28 23:13:48
QA / Сұрақ-жауап

Аяғы ауыр және бала еміздіретін әйел рамазан айында ораза ұстай алмаса не істейді?

Алтай Беріш

t.me/muslimsnotes
2.9K views20:13
Ашу / Түсініктеме
2021-04-28 19:34:42
Ескерту





Бүгін Мекке уақытымен сағат 19:55 / Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:55 ханафи мазхабы бойынша ораза кітабының оқылу вебинары болады.

t.me/muslimsnotes
2.6K viewsedited  16:34
Ашу / Түсініктеме