Get Mystery Box with random crypto!

Айдана Тлепбергенова| Mummy.kz 💕

Telegram арнасының логотипі mummykz — Айдана Тлепбергенова| Mummy.kz 💕 А
Telegram арнасының логотипі mummykz — Айдана Тлепбергенова| Mummy.kz 💕
Арна мекенжайы: @mummykz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.22K
Арнадан сипаттама

Сәлем 😍
Сториздегі бөлісетін видео, музыка, пайдалы ақпараттар осы каналға салынып отырады👌

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-04-29 20:17:45
"Уборщица" (Maid) деп аталатын керемет сериал қарадым. 10 сериядан ғана тұратын қысқа сериал. Netflix-тің кезекті туындысы.

Сериал күйеуінен эмоционалдық зорлық көрген әйелдің оқиғасы туралы. Күйеуім айқайлай берсін, ашуланғанда заттарды лақтыра берсін, мейлі кемсітіп боқтай берсін, әйтеуір ұрмайды ғой деп көнгісі келмеген әйелдің тағдыры жайлы.

Зорлық әр түрлі болады. Физикалық, эмоционалдық, сексауалдық зорлық. Бәрі де адамның психикасына әсер етеді.

Кейде жаттанды установканы бұзу үшін бір ғана қадам жеткілікті. Алекс зорлық шынжырын үзді. Енді оның қызы эмоционалдық зорлықты қалыпты деп санамайтын болады.

Сериалды барлық әйелдерге көруге кеңес бер

Осындай қысқа, мәнді сериал болса пікірге жазыңыз. Сериал қарайсыз ба? Сүйіктісімен бөлісіңіз.
69 viewsAidana, 17:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 17:41:50



Бүгінгі сериясы қатты ұнады
26 viewsAidana, 14:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 17:41:25 https://youtube.com/c/%D0%9F%D1%80%D0%BE%D0%9C%D0%B8%D1%80%D1%83%D0%B8%D0%93%D0%BE%D1%88%D1%83

Балаңызбен ютубтан "Про Миру и Гошу" деген мультфильмдер сериясын қарауды ұсынамын

Өте керемет мультсериал.
26 viewsAidana, 14:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 15:12:14
Осы каналда іш киім ережесі жазылған кітапша бар және жыныстық тәрбиеге байланысты баламен бірге оқитын кітаптар да ұсындым.
46 viewsAidana, 12:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 15:08:25
Балықтың уылдырығынан котлеты.

Құрамы:
Пияз 1 шт
Чеснок 1-2 долька
Жұмыртқа 1 шт
Уылдырық
Ұн көз мөлшерімен

Пияз бен чеснокты өте ұсақтап турап уылдырыққа қосыңыз. Кейін жұмыртқа қосып араластырыңыз. Масса қою болуы үшін көз мөлшерімен ұн салыңыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш, дәмдеуіштертер қосыңыз.

Табаға май құйып котлеттерді қуырыңыз. Мен бәрінің көлемі бірдей болуы үшін ас қасықпен құямын.

Пешті орташа температураға қойған жөн. Сонда арасы жақсы піседі.
53 viewsAidana, 12:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 20:54:22



Фильмнің трейлері
55 viewsAidana, 17:54
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 20:52:23 Фильм мылқау отбасы жайлы. Әкесі, анасы, ағасы бәрі мылқау. Тек 17 жасар қыздары Руби ғана естіп сөйлей алады. Отбасы осы қыз арқылы қоғаммен қарым-қатынасқа түседі. Яғни қыз бәрін оларға аударып отырады. Тіпті дәрігерге барса да әке-шешесі қызын ерітіп апаруына мәжбүр.

Жоқ, фильм мүгедектер жайлы емес. Бұл отбасында ешкім дәрменсіз емес. Әкесі мен ұлының отбасылық балық аулау бизнесі бар. Қыздары да сабақтан бос кезде осы бизнеске көмектеседі.

Руби мектеп бітіргесін уақытын осы балық шаруашылығына арнаймын деп ойлайды. Бірақ бір күні бәрі өзгереді.

Руби мектепте бір жігітті ұнатады. Бірақ Руби өзіне сенімсіз, себебі оған бәрі күледі, кемсітеді. Өйткені ата-анасы мылқау болғандықтан бастауыш сыныпта оның тілі айналасына түсініксіз болған. Көбіне ыммен және түсініксіз дыбыстармен сөйлеген. Содан бастап изгой болған. Әкесіне балық аулауға көмектескесін мектепке балық сасып келетіні тағы бар.

Бір күні Руби өзі ұнататын жігіт Майлздың хорға жазылғанын көріп ол да хорға жазылады. Хор жетекшісі Рубидің әдемі дауысын көріп музыкалық колледжге түсуге мүмкіндігі бар екенін айтады.
Енді Рубиде екі таңдау: арманын ұмытып әкесінің қасында балық аулау немесе бәрін тастап колледжге түсу.

Шынымен өте қиын таңдау. Себебі әкесіне үнемі Рубидің көмегі керек. Балық аулауға шығатын қайықта еститін, мылқауға аударып бере алатын адам болуы керек. Заң солай. Әйтпесе олардан балық аулауға лицензия алып қояды. Ал Руби нағыз сондай адам. Оның орнын ешкім баса алмайды.

Руби өз таңдауын жасады. Енді ол күнде музыкалық колледжге түсу үшін дайындалады.

Фильмде алғашқы махаббат та әдемі бейнеленеді. Пәк, нәзік махаббатты фильмде көрсете білді. Әйтпесе американдық фильмдерде сразу төсекті көрсетіп бүкіл романтиканы қүртып жіберетін еді ғой. Бұл фильмде бәрі дозированно

Ал нағыз романтика ата-анасының арасында. Маған мылқау адамдарда да белсенді сексауалдық өмір болуы қалыпты деп көрсеткені ұнады. Шынымен қоғам адам мылқау, мүгедек болса бірден тізімнен сызып тастауға асығады. Мылқаусың ба, мүгедексің бе өмірден толық ләззат алуға құқылысың. Лишь бы на это желании было.

Бала жасөспірім жасқа жеткесін ата-анасынан сепарация жасауына тура келеді. Кейде ата-ананың өзі осы процесске кедергі келтіреді. Рубидің отбасы да солай қызын жібергісі келмеді. Бірақ кейін олар да мылқаулығына қарамай қоғамға бейімделе алатынын түсінді. Міне бұл ересек адамның позициясы. Бала ешқашан ата-анасынан ересек болмауы тиіс. Ата-ана өзіне жауапкершілік алып өз рөлін қабылдауы керек. Сонда отбасындағы иерархия сақталады.

Тамаша фильм. Одназначно көруге ұсынамын

Фильмді көріп, кейін маған әсерлеріңізді жазыңыздар.
58 viewsAidana, 17:52
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 20:51:16
CODA: Ребенок глухих родителей.

Маған ұнаған фильмнің атауы.

Бұл фильм Oscar, Золотой глобус сияқты престижный жүлде алған.
58 viewsAidana, 17:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 19:02:54
Бүгінгі сториздегі ойларым
204 viewsAidana, 16:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 19:02:13
207 viewsAidana, 16:02
Ашу / Түсініктеме