Get Mystery Box with random crypto!

Жамбылды қалай суалттым? Жамбылды аяқ асты бірден шығармадым. | Айдана Тлепбергенова| Mummy.kz 💕

Жамбылды қалай суалттым?

Жамбылды аяқ асты бірден шығармадым. Оралға отпускке барғаннан бастап емізу интервалын азайттым. Басында таңертең, түсте, кеште емсе Оралда түскі емізуді алып тастадым. Кейін түнгісін жаймен алдым. Солай емізуді азайта бердім.

Сосын Жамбылға кішкентайынан бітті деген сөзді үйреттім. Сок, тамақ, су бәрін бітті деп көрсетем. Солай бітті деген сөздің мағынасын түсініп кетті.

Емшек бермеймін деген күні емшекте сүт бітті деп айттым. Енді сүт жоқ, маманың сүті бітіп қалды дедім. Жамбыл әрине жылады. Бірақ қатты истерика жасамады, кеудеме жабыспады.

Көбі суалтқанда баланы тастап кетеді. Бұл дұрыс емес. Керісінше суалып жатқан балаға мейлінше көбірек телесный контакт керек. Емшек те жоқ, мама да жоқ болмауы тиіс. Балада емшек жоқ болғанымен мама менің жанымда, мені бұрынғыдай қатты жақсы көреді деген сенім болуы керек. Сол үшін көбірек құшақтап, көтеріп, сүйіп баланың көңілін табу керек.