Get Mystery Box with random crypto!

Мукагали Макатаев | Мұқағали Мақатаев

Telegram арнасының логотипі mukagali_makataev — Мукагали Макатаев | Мұқағали Мақатаев М
Telegram арнасының логотипі mukagali_makataev — Мукагали Макатаев | Мұқағали Мақатаев
Арна мекенжайы: @mukagali_makataev
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 153
Арнадан сипаттама

Мұқағали Мақатаев Қазақ поэзиясының патшасы. (09-02-1931) (27-03-1976)

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2021-02-02 10:13:04 ​​Ұқсастық

Босанған Ана.
Көктемде дала бусанып,
Біріне-бірі болар ма ұқсас мұншалық.
Толғатып дала,
Есен-сау Ана ұл тауып,
Бара жатады көктемнің көкшіл бұлты ауып,
Тершиді Ана,
Тершиді дала қымтанып.
Тамыры иіп,тәтті бір ұйықтап алғасын,
Ана шайыңа,
Дала нөсерге қанғасын,
Далаға - диқан,
Анаға адал жолдасы,
Тыңайтпақ болып,
Даярлап жатыр қалжасын.
Өскенде сәби Анадан таусап қорегін,
Далада тәй-тәй саусағын жаяр көк егін.
Жерді - Анама,
Анамды жерге теңедім,
Екеуінен де егіз ұқсастық көремін.
Қапелімде байқамай жүргемін бе?
Қанат бітіп келеді күннен-күнге.
Мына өмірден бір кетіп, бір келдім бе
Түсі бөлек баяғы гүлдердің де,
Кімдердің де, күн менен түндердің де
Осы, мен...
Әлде басқа түрге ендім бе?\'
Бал арадай шықпайтын айналамнан
Бауыр, жолдас, дос, құрбы қайда қалған
Қысылтаяң кездерде пайдаланған,
Жоқты қуған, қайдасың,
Қайран арман?
Армысың!
Есі дұрыс, мият-Күнім!
Өліп қайта тірілген сияқтымын
Жарқын өмір, жан өмір, жасыл шуаң,
Алдарыңда сендердің, ұяттымын..
Алып ұшып барады қанаттарым,
Күнді ұзатып, күтемін таң атқанын.
Дәл осындай сәтіңнен адастырмай,
Адастырма, өтінем, жаратқаным!
1.3K viewsedited  07:13
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 00:16:30 ​​Ұят болды-ау

Сен де кеттің,
Мен де кеттім,
Ол да кетті ауылдан.
Осынымыз ұят болды-ау, ұят болды-ау,қауымнан!
Ұят болды-ау,
Ұят болды-ау,
Ұят болды-ау, бауырлар!
Момын жұрттың, арқа сүйер,
Азаматы біз едік.
Тұлпарлардан, тұғырлардан,
Қалған бір-бір із едік.
Біз де кеттік,
Басқа жаққа бетімізді түзедік.
...Естимісің, құлақ түрші,
Қырдан ескен самалға.
Сәлем айтып жатыр ауыл,
Саған, оған, маған да.
Телеграф сымы тұрған сүйеніп ап бағанға.
Көремісің,
Заңғар таулар жаулықтарын бұлғайды,
Шақырады Ақбас шалдар,
Сыбызғы етіп қурайды.
Еске салып, қайтқан құстар
Елдің жырын жырлайды.
Күте-күте,
Көзі талып,
Күн сарғайып батқандай,
Күте-күте,
Жұлдыздардың жанары да аққандай,
Зират екеш зираттар да,
Бізді жоқтап жатқандай...
Момын елдің,
Арқа сүйер,
Азаматы біз едік,
Жеке-жеке бақыт іздеп,
Жеке өмір түзедік,
Жетер енді!..
Туған жердің топырағына тізе бүк!
1.4K viewsedited  21:16
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 00:15:12 ​​Ұям менің

Біздің үй болатұғын осы арада,
Жататын бұлақ ағып босағада.
Орны да өшейін деп қалыпты ғой,
Өтіпті көп уақыт...
Тоса ма алда.
Қазына болмаса да қамбасында.
Қарық боп отыратын нанға, суға.
Түтіні кернейінен түзу шығып,
Жалғыз үй жарбиятын жар басында.
Ескермей тіршіліктің жарақатын,
Сонда да күн шығатын, таң ататын.
Бар сыйын табиғаттың өзі берген,.
Біздің үй керегіне жарататын.
Қара орныңнан айналдым, ұям менің,
Күмістен мүсініңді құяр ма едім.
...Әлдеқалай аспаннан құлап түсем,
Аядай босағанды қияр ма едің?..
140 views21:15
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 00:14:14 ​​Ұлыма
Жүре-жүре мен өмірге қанықтым,
Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым.
Қызбалақтық күндерімді ұзатын,
Енді, міне, әке боп та қалыппын.
Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!
Ұғып ал да, сақ болып өс, айтайын,
Өмір жолын әкең былай бастаған.
Мен әкемнің тәрбиесін көрмедім,
Ал анамның ақылына көнбедім.
Тіпті, кеше оқушылық кезде де,
Тізгінімді ешбір жанға бермедім.
Өмірімде бір иілген емеспін,
Менмендігі менен өткен жоқ ешкім.
Боламын деп «жалын жүрек, от кеуде»
Бола алмай, қуыс кеуде боп өстім.
Енді, міне, ұлым маған қарайды,
Өткір көзін өңменіме қадайды.
Көп қателік жіберіппін амал не?
Кешір, ұлым, мойындадым, жарайды!
1.1K viewsedited  21:14
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 00:12:07 ​​Үнсіздік

Бәрі де үнсіз.
Үнсіз аспан, үнсіз жер,
Үнсіз орман, үнсіз таулар, үнсіз көл.
Мен де үнсізбін, дәрменім жоқ күрсінер.
Үнсіз кеуде...
Үнсіз жүрек дүрсілдер.
Бәрі де үнсіз...
Бәрінде бір сұрақ бар,
Үнсіз ауыл.
Үнсіз жанып тұр оттар.
Үнсіз зират ұйықтап үнсіз қыратта,
Үнсіз ағып бара жатыр бұлақтар.
Неге үнсіз?!
He көрінген бұл маңға?
Үнсіз күзде үнсіз тірлік тынған ба?
...Бір машина үнсіз аңыз үстімен,
Үнсіз заулап бара жатыр қырманға...
128 views21:12
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 00:11:02 ​​Үзіліп түскен алмадай

Үзіліп түскен алмадай,
Үзіліп көңіл қалғаны-ай!
Арыма басқан таңбадай,
Арылмай қойды-ау дау-дамай!
Тасыған көңіл арнадай,
Таусылып бүгін қалғаны-ай!
...Қиылып қалған құрақты,
Қиын да болар жалғау-ай!
Шоқтанып жанған көгімде,
ІІІолпаным бар ғой менің де.
Жолдассыз, доссыз тегінде,
Өткерген өмір өмір ме?!
Өкініш көп қой көңілде.
Осы да жақсы, кім білсін,
Ділгірсі көңіл, ділгірсін.
Өкініш, ынсап бір жүрсін.
Алайда, доссыз өткерген,
Күн құрсын, бауырым, күн құрсын!
128 views21:11
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 00:09:42 ​​Құрмет хат

Әзімжанов Әбдімутәліптің құрметті пенсияға шығуына байланысты өз сөзі)

Советтік мына заманның
Саясында өскен адаммын.
Іргесіне ұлы қоғамның
Бір кірпіш болып қаландым.
Ел-жұртым, сені тыңдадым,
Әрқашан саған ризамын!
Көрсеткен өзің құрметке,
Елжіреп менің тұр жаным.
Ел-жұртым, мәңгі ризамын!
Еңбек пен майдан тартыста,
Қорғадың мені әр тұста.
Еңбекпен өмір өткеріп,
Еніп те қаппын алпысқа.
Әлі де менде жалын бар!
Алыңдар, елім, алыңдар!
Қасынан алып, зор істің
Қашанда мсні табындар!
Тойым бар, тойлап қалыңдар,
Жаны игі жайсаң қауымдар.
Келіңдер тойға, дос-жаран,
Ағайын-туыс, бауырлар!!!
1.0K views21:09
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 00:08:34 ​​Құрдастарға

Көктем кетті, күз, міне, жуықтады,
Бармысыңдар, бауырлар, қырықтағы?
Бәрің тірі қалдың ба, қарығанда
Қырықыншы жылдардың суықтары?
Туылып ек айлар caп арамызға,
Айлар салып, әріге барамыз ба?!
Бұйырмасын түсінсем., осы біздер,
Шыныменен біреуге ағамыз ба?!
Кеше еді ғой, құдай-ау, кеше еді ғой,
Дүйсенбінің мына дәу шешегі ғой!
Мынау - әзер қаз басқан төрт жасында,
Мұхамеджан қартыңның мешелі ғой.
Тағдыр бізден бәрін де аямаған:
Жылатқан да жұбатқан, аялаған,
Ата қаздан айрылған балапан ек,
Аспан асты, жер үстін саялаған.
Арманымыз жұлдызға жуық болып,
Апыл-тапыл күн кештік суып, тоңып.
Шаруасы шалқайған шағын үйдің,
Шаңырағына шаншылдық уық болып.
1.0K views21:08
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 00:07:08 ​​Қыс келген күні
Тысқа шықсам,
Күн шыңылтыр, қар жауған.
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан,
Асып анау асқар-асқар таулардай,
Қыс жетіпті тонын теріс аударған.
Қыс жетіпті,
Сол баяғы кезіндей,
Қуырып жүр дүниені көз ілмей,
Күн нұрынан еш жылылық сезілмей,
Әйнектенген маскүнемнің көзіндей.
Шуылдаған шау қарғадай жар салып,
Сәбилер жүр кәрі атасын қарсы алып.
Махаббаттан ұмыт қалған ұстаз қыз,
Терезеге қарап отыр тамсанып.
Терезеге қарайды да, тамсанып,
Мұңая ма, қуана ма ән салып?!
Жібір емес терезеге қатқан мұз,
Жылуымен жылытса да қаншалық.
Аттанасың аяқтамай арманды,
(Рас екен жалған десе, жалғанды!)
...Қыз жанарын оқулыңқа аударды,
Шешпек болып көп белгісіз сандарды...
131 views21:07
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 00:05:45 ​​Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған

Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған,
Баяғы бала мінез, бала тұлғам.
Дәл осылай он алты жасымда мен,
Басымнан түн өткеріп, таң атырғам.
Баяғыдай мінезім, ақылым да,
Кеткенім жоқ әлі ұзап шақырымға.
Мытып қалсам өкшемді атырылған,
Жирен тай жоқ жалғыз-ақ тақымымда.
Баяғыдай күндерім түнге ұласқан,
Түнді сүйем...
Сүюші ем түнді жастан.
Өмір деген мектепті бітіре алмай,
Көше алмай-ақ келемін бір кластан.
Баяғыдай шыт-шыбыр жейделерім,
Баяғыдай күлгенім, сөйлегенім.
Баяғыдай ұрттап ап ыстық астан,
Аузым күйіп қалады кейде менің.
Баяғыдай...
Бәрі де баяғыдай.
Баяғыдай кілемін жаяды май.
Енді маған қырықтың қылығын бер,
Ақылын бер, арын бер, ая, құдай!
130 views21:05
Ашу / Түсініктеме