Get Mystery Box with random crypto!

​​Үнсіздік Бәрі де үнсіз. Үнсіз аспан, үнсіз жер, Үнсіз орман | Мукагали Макатаев | Мұқағали Мақатаев

​​Үнсіздік

Бәрі де үнсіз.
Үнсіз аспан, үнсіз жер,
Үнсіз орман, үнсіз таулар, үнсіз көл.
Мен де үнсізбін, дәрменім жоқ күрсінер.
Үнсіз кеуде...
Үнсіз жүрек дүрсілдер.
Бәрі де үнсіз...
Бәрінде бір сұрақ бар,
Үнсіз ауыл.
Үнсіз жанып тұр оттар.
Үнсіз зират ұйықтап үнсіз қыратта,
Үнсіз ағып бара жатыр бұлақтар.
Неге үнсіз?!
He көрінген бұл маңға?
Үнсіз күзде үнсіз тірлік тынған ба?
...Бір машина үнсіз аңыз үстімен,
Үнсіз заулап бара жатыр қырманға...