Get Mystery Box with random crypto!

Mugalim Online

Telegram арнасының логотипі mugalimonline — Mugalim Online M
Telegram арнасының логотипі mugalimonline — Mugalim Online
Арна мекенжайы: @mugalimonline
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.06K
Арнадан сипаттама

Мұғалімдер үшін онлайн марафон.
Сұрақтар, ұсыныстар үшін: @balmassov

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2020-06-12 16:15:08 ​​Құрметті Ұстаздар!

Жетістікке жету жолында ең қажетті дағдылардың бірі - жаңа тіл меңгеру. Әлемдік тілге айналған ағылшын тілін үйренуді кейінге қалдырмаңыз.

USTAZ LINGUA ұжымы сіздерді “Winner алды - қызыл тіл” атты ағылшын тілін үйрену марафонына шақырады.

Марафонға қатысу ТЕГІН.

Марафонның форматы:
14 Қысқа видео сабақтар
14 Worksheets (оқу материалдары)
4 Quiz (қысқа тест) + 1 Final test

Кімдер үшін?
Ағылшын тілін меңгергісі келетін барлық мұғалімдер үшін

Күтілетін нәтиже
Күнделікті өмірде қолданылатын ағылшын тілін үйренесіз
Сөздік қорыңызды екі есе көбейтесіз
Тілдік кедергіден арыласыз

Қай тілде?
Қазақ тілі

Қайда өтеді?
Марафон t.me/ustazenglish телеграм каналында өтеді. (Сілтеме профайлда)

Басталуы:
15.06.2020

Әріптестерімізге хабар беруді ұмытпайық.
6.3K views13:15
Ашу / Түсініктеме
2020-05-08 12:02:32 ​​Интербелсенді онлайн тақта - Google Jamboard

Құрметті ұстаздар, берілген Google Jamboard онлайн-тақтада жазуға, стикерлерді бекітуге және суреттерді қолдануға болатын сервис. Онымен қоса, барлық жазылғанды pdf және png форматында сақтап алуға болады
16.1K views09:02
Ашу / Түсініктеме
2020-05-05 11:20:00 ​​Go Formative көмегімен формативті және жиынтық бағалауды қалай құруға / өткізуге болады

Құрметті ұстаздар, бұл видеода біз сынақ жиынтық бағалау жасаймыз, осылайша Go Formative қызметінің негізгі функцияларын қарастырамыз.
14.9K views08:20
Ашу / Түсініктеме
2020-05-04 14:01:21 ​​Quizizz арқылы БЖБ қалай ұйымдастыруға болады?

Құрметті ұстаздар, кішігірім БЖБ-ны Quizizz қызметі арқылы жасай аласыз. Қызықты әрі тез етіп тестті, бірнеше дұрыс жауабы бар және жабық типті сұрақтарды құрастырыңыз.
18.9K views11:01
Ашу / Түсініктеме
2020-05-01 19:34:49 ​​“IELTS essay: what's your stumbling block?”.


Қымбатты ағылшын тілі мұғалімдері мен IELTS емтиханын тапсыруды жоспарлап жүрген ұстаздар!
Төмендегі маңызды ақпарат сіздерге арналады!

Mugalim Online USTAZ Lingua ұжымымен бірлесе отырып ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне жаңа марафон өткізіп жатыр.

Сіздерді 2 мамыр, сағат 11.00-де марафон аясында өтетін вебинарға шақырамыз!

IELTS эссесінде қалай жоғары балл жинауға болатыны туралы талқылау болады. Шынайы кейстер арқылы эсседе жіберілетін қарапайым қателерді анықтаймыз.

Вебинар ағылшын тілінде өтеді.

Эфирге шақырылған қонақ - Чалдымбаева Римма Сыдыковна, ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Римма өзінің 11 жыл тәжірибесінде қазақстандық, халықаралық жобаларда жұмыс істеп келеді. Қазір British Council «English for Success» жобасының Маңғыстау облысындағы тренері.

Сіздерді вебинарда күтеміз!
Эфир барысында экспертке сұрақ қою мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Трансляция біздің YouTube каналымызда жүргізіледі.
15.2K viewsedited  16:34
Ашу / Түсініктеме
2020-04-27 07:00:39 ​​Google Forms-та формула енгізу мүмкіндігі

Құрметті ұстаздар, бұл сабақта біз Google Forms тапсырмаларында математика формулаларын қалай жазуға болатынын үйренеміз.
26.6K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2020-04-17 16:51:57 ​​Онлайн оқытуға арналған жергілікті платформа

Мұғалімдер онлайн сабақтарын LiveEdu жергілікті платформасында өткізе алады (zoom бағдарламасына ұқсас, бірақ оқытуға бейімделген). Осы платформа арқылы онлайн сабақты өткізу тәсілі келесі видеода көрсетілген -



https://live03.edu.org.kz/ платформасының мүмкіндіктері:

Трафигі тегін, серверлер Қазақстанда орналасқан. Байланыс пен жүктеме сапасы тексерілген.

Бейне және аудио конференция өткізу.

Мұғалім оқушылармен бірге виртуалды тақтада жазып, сурет сала алады.

Онлайн сабақ жүргізу үшін ыңғайлы интерфейс: чатты басқару, оқушылардың микрофондарын өшіру мүмкіндігі.

Оқушылар дауыс бере алатын және тестілеуден өтетін мүмкіндік бар.

PDF-презентацияларды жүктеу және трансляциялау мүмкіндігі. Және мұғалім компьютерінен кез келген құжатты көрсете алады: суреттерді, презентацияларды, мәтіндік құжаттарды және т.б.

Сыртқы ақпарат көздерінен бейнелерді трансляциялау мүмкіндігі (YouTube және т.б.).

Оқушылар бейнені қайта қарап шығу үшін онлайн сабақты жазуға болады.

Егер мұғалім қандай да бір себептермен конференциядан шығып кетсе, онда ZOOM-дағыдай барлық оқушылар ажыратылмайды, және сабақ тоқтатылмайды. Мұғалім өз конференциясына қайта келіп, сабақты жалғастырады.

Егер сіз онлайн сабақтар өткізгіңіз келсе, https://live03.edu.org.kz/ сайтында тіркеліп, https://t.me/eduorgkzkkg чатында #liveEdu тегімен еркін өтінім қалдырыңыз. Сізге «мұғалімнің» рөлі беріледі. Содан кейін сіз онлайн-сынып ашып, мектеп оқушыларына шақыру-сілтемелерін жібере аласыз.
18.4K views13:51
Ашу / Түсініктеме
2020-04-10 07:00:38 ​​Кахут тек қана онлайн сабақта ғана тиімді ме?
Жоқ, қашықтан оқу процесінде де қолдануға болады.

Ол қалай?
Өте оңай!
- Кахутта тестіңізді дайындайсыз.
- Тапсырманың сілтемесін оқушылармен бөлісесіз.
- Оқушылар сіз бекіткен уақытқа дейін тестілеуден өтіп, сізге кері тапсыру қажет.
- Мінеки, тест қорытындысы қолыңызда.

Қалыптастыру бағалау үшін тиімді шешім!

Басқа да сұрақтарыңызға жауапты толық видеодан таба аласыздар деген үміттеміз!
21.4K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2020-04-08 15:16:28 ​​Мұғалімдер үшін керемет жаңалық!

Қазақстандағы мектептер мен мұғалімдерге арналған арнайы сайт іске қосылды. Енді сіз, Microsoft Teams бағдарламасын мектебіңіз үшін тегін қолдана аласыз. (Қ.Р. Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған және ұсынған).
Сонымен қатар сайтта оқушылар мен ата-аналарға арналған видео-нұсқаулықтар ұсынылады.
Сайтқа осы сілтеме бойынша өтіңіз:
https://teams.academia.kz/
27.1K views12:16
Ашу / Түсініктеме
2020-04-04 07:00:40 ​​Zoom арқылы Kahoot ойнап көрдіңіз бе?

Ал, ол үшін қосымша смартфонның қажет емес екенін білесіз бе?
Иә, тек компьютердің ғана көмегімен де онлайн сабағыңызды тартымды қыла аласыз.

Тағы да жағымды хабарландыру!
Kahoot мектептерге тегін қызметін ұсынып жатыр.
31.8K views04:00
Ашу / Түсініктеме