Get Mystery Box with random crypto!

بسم الله الرحمن الرحيم یَـٰۤأَیُّهَا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ ٱد | 🖋 Ескертулер / Напоминания

بسم الله الرحمن الرحيم

یَـٰۤأَیُّهَا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ ٱدۡخُلُوا۟ فِی ٱلسِّلۡمِ كَاۤفَّةࣰ وَلَا تَتَّبِعُوا۟ خُطُوَ ٰ⁠تِ ٱلشَّیۡطَـٰنِۚ إِنَّهُۥ لَكُمۡ عَدُوࣱّ مُّبِینࣱ

Әй, иман келтіргендер! Исламға бүтіндей, толығымен кіріңдер де, шайтанның іздеріне ерімеңдер! Өйткені ол сендерге ашық дұшпан.
[Аль-Бакара сүресі, 208 аят]

Құрметті Ғалым Абдуррохман ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін) тафсирінің мағыналық аудармасы:

Бұл – Аллаһтың мүміндерді Ислам дініне толығымен кіруге бұйрығы.
"Исламға бүтіндей, толығымен" – діндегі барлық заңдар, ешқайсысын тастамай, Исламға толықтай кіру керек. Өзінің нәпсісін өзіне тәңірі қылып алғандардан болмау керек, егер шариғаттағы бұйрық құмарлығына (нәпсісіне) сай келсе орындайды, ал нәпсісіне қарсы келсе тастайтындар сияқты. Бәлкім нәпсі дінге еру керек, жақсы амалдарды мүмкіндігі жеткенше толығымен орындау керек. Егер бір амалды жасауға шамасы келмеген жағдайда, сол амалды өзіне парыз екендігін біліп, жүрегімен ниеттенеді. Солай ниетімен жетеді.

Исламға толығымен кіру тек шайтанның жолдарына қарсы келумен ғана болатындықтан Аллаһ былай айтты:
"шайтанның іздеріне ерімеңдер" – яғни, Аллаһқа күнә болатын амалдарда.
"Өйткені ол, сендерге ашық дұшпан" – ашық дұшпан тек жамандыққа, бұзықтыққа және сендерге кесірі тиетінге ғана бұйырады.

Дайындаған: Сәтімжан абу Муса