Get Mystery Box with random crypto!

بسم الله الرحمن الرحيم قُلۡ هَـٰذِهِۦ سَبِیلِیۤ أَدۡعُوۤا۟ إ | 🖋 Ескертулер / Напоминания

بسم الله الرحمن الرحيم

قُلۡ هَـٰذِهِۦ سَبِیلِیۤ أَدۡعُوۤا۟ إِلَى ٱللَّهِۚ عَلَىٰ بَصِیرَةٍ أَنَا۠ وَمَنِ ٱتَّبَعَنِیۖ وَسُبۡحَـٰنَ ٱللَّهِ وَمَاۤ أَنَا۠ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِینَ

Айт: "Менің жолым - осы! Аллаһқа анық білім үстінде шақырамын, мен және және маған ерушілер де. Аллаһ кемшіліксіз пәк. Сондай-ақ мен Аллаһқа серік қосатындардан емеспін".
[Йусуф сүресі, 108 аят]

Құрметті Ғалым Абдуррохман ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін) Тафсирінің мағыналық аудармасы:

Аллаһ Та'ала Пайғамбарынаﷺ:
"Айт" – деп айтты. Яғни адамдарға.
"Менің жолым – осы" – оған шақырып жатырған жолым - осы. Ол - Аллаһқа және Аллаһтың жомарттық ауласына жеткізетін жол. Ақиқатты танитын білімді және сол ақиқатқа амал етуді қамтитын жол, әрі ақиқатқа амал етуді артық көретін жол. Және дінді серігі жоқ болған, жалғыз Аллаһқа арнайтын ықыласты қамтитын жол.
"Аллаһқа шақырамын" – яғни, жаратылысты және құлдарды Раббысына жеткізетін жолға ынталандырамын. Және оларды сол жолға қызықтырып, ол жолдан алыстататыннан сақтандырамын.
"Анық білім үстінде" – білім және еш күмәнсіз болған анық сенім үстінде шақырамын.
"маған ерушілер де" – Мен Аллаһқа білім үстінде шақырғаным сияқты маған ерушілер де Аллаһқа біліммен шақырады.
"Аллаһ кемшіліксіз" – Оның ұлықтығына лайық болмаған және кемелдігіне қарсы келетін барлық тағылып тұрған сипаттардан пәк.
"Сондай-ақ мен Аллаһқа серік қосатындардан емеспін" – бүкіл істерімде мен серік қосатындардан емеспін. Бәлкім дінді жалғыз Аллаһқа арнап құлшылық қыламын.

Дайындаған: Сәтімжан абу Муса