Get Mystery Box with random crypto!

mtrk.kz

Telegram арнасының логотипі mtrk_kz — mtrk.kz M
Telegram арнасының логотипі mtrk_kz — mtrk.kz
Арна мекенжайы: @mtrk_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 433
Арнадан сипаттама

Муниципалдық телеарна жаңалықтары

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-07-04 06:58:13 Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Қажымұрат Нағманов шілденің 3-не қараған түні қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Қажымұрат Нағманов 74 жаста еді. Ол Солтүстік Қазақстан облысын 1999 жылдың қазанынан 2002 жылдың мамырына дейін басқарған.

Қажымұрат Ібрайұлы Нағманов 1948 жылы 1 маусымда РСФСР Омбы облысында дүниеге келген. 1971 жылы Ленинградтағы теміржол көлігі инженерлері институтын тәмамдаған, мамандығы - қатынас жолдарының инженері-құрылысшы.

1971-1973 жылдары - Қазақ темір жолының шебері, аға инженері;

1973-1976 жылдары - Павлодар облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Екібастұз қаласы ЛКЖО қалалық комитетінің 2-хатшысы, Екібастұз қалалық халықтық бақылау комитетінің инспекторы;

1976-1978 жылдары - Қазақ темір жолы станциясының бас инженері;

1978-1982 жылдары - Екібастұз қалалық партия комитетінің құрылыс бөлімінің меңгерушісі, 2-хатшысы;

1982-1987 жылдары - Павлодар облысы Ермак қалалық атқару комитетінің төрағасы;

1988-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК Көлік және байланыс бөлімінің нұсқаушысы, Семей қалалық атқару комитетінің төрағасы;

1990-1991 жылдары - Семей облысының № 195 Береговой сайлау округінен Қазақстанның халық депутаты;

1991-1992 жылдары - Құрылыс және сәулет мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі ,КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі;

1992-1994 жылдары - КАТЭП атом энергетикасы және өнеркәсібі кәсіпорындары Қазақ мемлекеттік корпорациясының вице-президенті;

1994-1995 жылдары - Жоғарғы Кеңестің депутаты;

1994-1996 жылдары - Жезқазған облысының әкімі;

1996-1997 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының әкімі;

1997-1999 жылдары - "Казэнергосервис"компаниясының президенті;

1999 - 2002 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі;

2005 - 2006 жылдары - ҚР Президентінің кеңесшісі;

2006 - 2008 жылдары - "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы"АҚ бірінші вице-президенті;

2014-2020 жылдары - ҚР автожолшылар қауымдастығының президенті болған.
68 views03:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 06:58:11
61 views03:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 13:21:59 2022 жылғы 1-4 шілде аралығында Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында гір спортынан кіші және үлкен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде (U-16; U-18). Чемпионатқа әлемнің түрлі елдерінен 200-ден астам спортшы қастысуда.
 
Аталған чемпионатқа Қазақстан Республикасының спортшылары да қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Ұлттық ұлан Академиясының 1 курс курсанты Алмас Исенов өнер көрсетті.
 
Жарыс адал және табанды күресте өтті, онда Ұлттық ұлан Академиясының курсанты Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Беларусь, Түрікменстан және Пәкістан спортшыларын сенімді түрде жеңіп, спорттық шеберліктің жоғары деңгейін және жеңіске деген ерік көрсетті.
 
Жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Академияның 1 курс курсанты Алмас Исенов 24 келіден 132 рет 2 гір көтеруді орындап, осы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.
 
Айта кету керек, бұл Алмастың чемпионаттардағы алғашқы жеңісі емес. Ол гір спортынан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Курсанттың көптеген спорттық жетістіктерінің тізімінде лайықты жеңістер де аз емес, бірақ чемпионның пікірінше, бұл жеңіс ең маңыздыларының бірі болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясында даңқты спорттық дәстүрлер қалыптасқан. Көптеген жылдар бойы әскери кадрлар ұстаханасының курсанттары мен офицерлері Қазақстан Республикасының чемпионаттарында және халықаралық деңгейдегі басқа да жарыстарда көшбасшы болып келеді.
74 views10:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 13:21:57
64 views10:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 21:04:08
Айыртау ауданында аңшы мылтығын заңсыз пайдаланған ер адам ұсталды.
38 жастағы тұрғын еш жерде тіркелмеген 16 калибрлі қаруды туыстарының үйіндегі жертөледен тауып алдым деген.
Мылтық тәркіленіп алынып, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Соңынан ҚР ӘК 482-ші бабының 1-ші тармағы бойынша шара қолданылады.
Жалпы, жыл басынан бері облыста заңсыз сақталған 62 қару тәркіленіп алынды.
Азаматтық қаруды сақтау мен қайта тіркеу тәртібін бұзуға қатысты 100-ден астам факті анықталды. Арнайы ұйымдастырылған акция барысында полиция қызметкерлеріне тұрғындар өз еркімен 23 қару әкеліп тапсырған.
69 views18:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 20:58:23
Шетелдіктің еңбегін заңсыз пайдаланған солтүстікқазақстандық 150 мың теңгеден астам айыппұл төледі.
Серіктестік директоры нысан салуда Өзбекстан азаматтарын заңсыз пайдаланған. ҚР көші-қон туралы заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін пайдалану үшін заңды тұлға жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алуы тиіс. Заңның ала жібін екінші рет аттап отырған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабы 3-бөлігі бойынша материал жиналып, қомақты көлемде айыппұл салынды.
Маусымның 27-ісінен бері өткен "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы
барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 14 фактісі анықталды.
65 views17:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 14:12:06 Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 20 пайызға өскен. Ал азық-түлік емес тауарлар 13,2 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Маусымдағы инфляция жылдық есеп бойынша - 14,5 пайыз, бір айда 1,6 пайыз болған. 2022 жылғы маусымда азық-түлік бағасы былтырғы маусыммен салыстырғанда, 19,2 пайызға өсті", - делінген хабарламада.

Азық-түлік нарығында құмшекер 78,7 пайызға, қырыққабат 72,4 пайызға, пияз 69,3 пайызға өскен. Картоп бағасы 9,8 пайызға төмендеген.

Бюро азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі 2022 жылғы маусымда 2021 жылғы маусымға қарағанда 13,2 пайыз болғанын атап өтті.

"Жеке пайдаланылатын тауарлардың бағасы - 23 пайызға, тазалық құралдарына - 20,8 пайызға, тұрмыстық құралдарға - 19,7 пайызға, құрылыс материалдарына - 18,6 пайызға, жиһаз бен үйдегі керек-жараққа - 18,2 пайызға, автомобильдерге - 15,1 пайызға, ыдыс-аяққа - 13,9 пайызға, тоқыма бұйымдарына - 10,8 пайызға, фармацевтикалық өнімге 9 пайызға көтерілген", - деді ведомство өкілі.

Ақылы қызмет бағасы бір жыл ішінде 9,2 пайызға өскен.

"Қоғамдық тамақтандыру қызметіне баға деңгейі - 15,9 пайызға, денсаулық сақтау саласына - 14,7 пайызға, шипажайларға - 13,7 пайызға, кешенді демалысты ұйымдастыруға - 13,2 пайызға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметіне - 12 пайызға, қонақүйлерге - 5,7 пайызға өсті. Жолаушылар көлігі қызметі 4 пайызға қымбаттады", - деді бюро өкілі.

ТКШ саласында электр энергиясына тарифтер 7,5 пайызға өскен, қоқыс шығаруға - 2 пайызға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 1,4 пайызға өсті, ал орталық жылытуға - 2,3 пайызға, ыстық суға 0,9 пайызға төмендген.
83 views11:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 14:12:04
71 views11:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 10:51:04
Средняя цена на сахар должна составлять порядка 480-490 тенге за килограмм, заявил премьер-министр Алихан Смаилов на совещание по вопросам сдерживания цен.
Рост цен на сахар до 700-800 тенге, по мнению премьера, происходит в результате того, что предприниматели зарабатывают экстра-маржу на ажиотажном спросе.
"Согласно данным Минсельхоза, запасы сахара составляют более 100 тысяч тонн, а потребление в месяц у нас – 59 тысяч тонн. Этого более чем достаточно», - заявил глава кабмина.
127 views07:51
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 06:06:02
Рүстем Шариев бірнеше жыл бұрын жұмыста екі аяғы мен саусақтарынан айырылған. 2017 жылы бірінші топтағы мүгедектік алады. 41 жастағы ер азамат өмірден үмітін үзген жоқ. Төрт қабырғаға қамалмайын деп жасанды аяқ пен мүгедек арбасын жасауға кіріседі. Өмірге деген талпынысының арқасында ойы жүзеге асып, қазір өзі жасап алған жабдықтардың көмегімен көшеде серуендейді, дүкенге барады.
143 views03:06
Ашу / Түсініктеме