Get Mystery Box with random crypto!

Бұл қайталанатын қарапайым іс-әрекеттердің өз атауы да бар. Әд | Motivation☄️

Бұл қайталанатын қарапайым іс-әрекеттердің өз атауы да бар. Әдет деп жатамыз ғой. Міне, өмір сол әдеттерден тұрады. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деп жатады ғой үлкен кісілер. Расында да. Әдеттердің адам өмірінде алатын орны зор.

Менің ойымша, әрбір адамның өміріне қажет бірнеше пайдалы әдет бар және ең бастысы: бұл әдеттерді қалыптастыру әр адамның қолынан келеді.

Олар:

— күнді жоспарлау, өз-өзіңе есеп беру (таңертең немесе кешкісін жатар алдында);
— физикалық жаттығу жасау немесе жүгіру (спортпен айналысу болса, тіптен қатып кетеді);
— уақытылы тістің саулығына көңіл бөлу (тамақ ішкеннен кейін тазалап тұру);
— күніне бір өлең жаттау (қысқа болса да), кітаптың бір тарауын немесе бірнеше бетін оқып, өзіңе түсінік айту, немесе логикалық есептер шешу (қайсы нұсқа өзіңе ұнайды, соны таңда, бұның барлығы миды сау қалпында сақтап қалу үшін);
— әлеуметтік желілерді, жалпы ғаламторды белгіленген уақытта белгілі бір мақсатпен қолдану (мысалы, әлеуметтік желілерге түске жақын бір, кешкісін бір рет қана кіру);

Міне, осы аталып өткен әдеттер ұзақ мерзімде адам өміріне үлкен өзгерістер енгізеді.