Get Mystery Box with random crypto!

Өмір өзі неден тұрады? Осы сұрақты ойланып көріп пе едің? Таңе | Motivation☄️

Өмір өзі неден тұрады? Осы сұрақты ойланып көріп пе едің? Таңертең тұрасың, беті-қолыңды салқын сумен жуып, ұйқыңды ашасың, тістеріңді тазалайсың, еріншек болсаң, таңғы астың қамын жасайсың, ал болмасаң, таңғы жаттығуды жасайсың немесе жүгіруге шығып қайтасың. Әрі қарай жалғастырсам, ұзақ болып кетер. Бұдан нені байқадың? Бір қарасаң, кішігірім іс-әрекеттер, бірақ кейде осыны да істеуге ерініп жатамыз.

Бірақ қаншалықты кішігірім болса да, ұзақ мерзімде сенің өміріңе көптеген жақсы өзгерістер әкелетінін түсінесің бе?

Мысалы, ерте тұрсаң, күніңді алдын-ала жоспарлап, көптеген істерге үлгеруге болады. Тамақтанғаннан кейін ерінбей тісіңді тазалап тұрсаң, тістерің кариеске ұшырамайды. Күнде таңғы жаттығу істеп тұрсаң немесе жүгіруге шығып тұрсаң, күні бойы өзіңді сергек сезінесің, денсаулығыңа да пайдалы.

Өмір көп жағдайда осындай қайталанатын қарапайым іс-әрекеттерден тұрады.