Get Mystery Box with random crypto!

СОНЫМЕН, ӨЗІҢЕ ДЕГЕН МАХАББАТТЫ ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ? 'Бөл | Айнұр Алдаш

СОНЫМЕН, ӨЗІҢЕ ДЕГЕН МАХАББАТТЫ ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ?

"Бөлексің, жаным бөлексің", - деп бір жан ғашығына әнді арнаса, енді біреуі "Идеясың миды қозғаған", - деп өз ғашығының атын асқақтатады.

Бұл әнді тыңдағанда еріксіз қыз бен жігітті, әлде өзіңіз бен жұбайыңызды елестетесіз.

Бірақ өз-өзіңе деген махаббатты арттыру үшін бұл әндерді тыңдағанда тек өзіңізді елестетіңіз. Иә, жаныңызда ешкімсіз.

Сонда "Сені сүйем", - деп айтылған әнді іштей өзіңіз өзіңізге арнап жатасыз. "Сен бәрінен биіксің, сендей адам жоқ", - деген шумақтарды тыңдағанда да өзіңіздей керемет жан жоқ екенін есіңізге тағы да бір рет салып қоясыз.

Байқағаныңыздай, өз-өзіңе деген сүйіспеншілікті арттыру үшін арнайы уақыт бөліп, таңда ерте тұрып, ритуалдар жасаудың қажеті жоқ)

Ең көбі махаббат жайлы әндер ғой. Қай жерде ән тыңдайсыз, оны іштей өзіңізге арнап, марқайып отырасыз)