Get Mystery Box with random crypto!

2. Енді екінші тапсырма одан да қызығырақ. Екі бір-біріне м | Айнұр Алдаш

2. Енді екінші тапсырма одан да қызығырақ.

Екі бір-біріне мағынасы жағынан келмейтін сөздерді айтып шығасыз. Мысық-сыпыртқы, аю-машина, пистолет-ромашка, тигр-көйлек деген сияқты 5 жұп сөздер.

Кейін балаңызға осы жұп сөздердің арасынан байланыс құрастырып бересіз. Мысалы, мысық сыпырып шаршап жүр. Аю өзінше болып машина айдап бара жатыр. Пистолетті атып қалсаң, оқтың орнына ромашка шығады екен. Тигр шатасып кетіп көйлек киіп алыпты т.б.

Байланыстарды айтып болған соң балаға "Мысық" десеңіз, мысықтың шаршап сыпырып жүргенін елестетіп "сыпыртқы" деуі керек. "Тигр" десеңіз "Көйлек" деп табуы керек.

Бала бірден тауып алмайды, бірақ миы ассоцияцияға жақсы жаттығып, есте сақтауы мықты болады.